È

«Гудбай, мой бай!» комедиясы 2018 жылдың қарашасында көрермендерге ұсынылады

«Гудбай, мой бай!» комедиясы 2018 жылдың қарашасында көрермендерге ұсынылады

 

2018 жылдың 22 қарашасынан бастап кинотеатрлардан «Гудбай, мой бай!» комедиясы көрсетіле бастайды. Фильм ажырасуға бел буған басты кейіпкер мен достарының хикаяларын баяндайды.

«Гудбай, мой бай!» фильмі - «31» телеарнадан көрсетілген «Үйленгендер» ситкомының толықметражды нұсқасы. Сюжет бойынша басты кейіпкер Ермек анасымен және әйелімен бір үйде тұрады. Әйелі үнемі бөлек шығу жайлы айта береді. Алайда, Ермек анасын жалғыз қалдырғысы келмейді. Ақыры, жұп ұрысып, ажырасуды ұйғарады. Ермектің достары барынша қолдап, жұбатуға тырысады.

Картинаға Сәбит Рахымбаев, Сәбина Саяқова, Дәуіт Шайхысламов, Әзім Саидбаев, Дариға Садықова, Нұрдәулет Шертім, Наталья Валькова, Дарья Александрова және Нұргүл Алпысбаева түсті. Сондай-ақ, көрермендер фильмнен кішкентай актерлар Әмина мен Адина Малғаждарды және кинорежиссер Ақан Сатаевтың кіші ұлы Ілиясты көретін болады.

Таспа қойылымымен Анвар Матжанов айналысты. Режиссер үшін жоба толық метрдегі дебют болды. Бұрын Анвар «Патруль» және «Басеке» сынды танымал хикаялармен жұмыс істеген.

Жобаның бас продюсерлері - Қайрат Рейімов және Бағдат Қожахметов. Комедияның атқарушы продюсері Рустам Юсупов болды.

Авторлар тұсаукесер қарсаңында ресми постер мен тизерді ұсынды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса