È

Николь Кидманның Blossom Films компаниясы Amazon-мен келісімге отырды

Николь Кидманның Blossom Films компаниясы Amazon-мен келісімге отырды

Николь Кидман («Қасиетті еліктің өлімі», «Сауық кешінде қыздармен қалай сөйлесу қажет») және оның Blossom Films өндірістік компаниясы Amazon Studios-пен келісімге отырды. Кидман компаниясы стримингті қызмет үздіктерінің біріне фильмдер мен хикаялар өндіретін болады.

«Николь – мықты тұлға. Актриса ретінде де, продюсер ретінде де. Ол телевидение көзқарасымен ненің қызықты әрі әсерлі және сұранысқа ие бола алатынын жақсы түсінеді. Бұл оның болашақта көрермендер тамашалайтын фильмдеріне де қатысты. Сондықтан, бізді көптеген ұмытылмас жобалар күтуде!», - деді Amazon Studios басшысы Дженнифер Сэлк.

Кидман да жауаптан тыс қалмады: «Мен Джен Сэлкпен және Amazon тобымен бірге жұмыс істейтініме қуаныштымын. Біздің Blossom Films-тегі мақсатымыз түрлі платформаларда қызықты әрі сұранысқа ие контент құру, мен соның барлығын бірге жасайтын үздік топты енді армандамасам да болады».

Николь Кидман және Пер Саари негізін қалаған Blossom Films компаниясы HBO үшін «Үлкенді-кішілі өтірік» кіші көлемді хикаясын шығарған болатын, сол үшін актриса биылғы жылдың басында «Алтын глобусқа» ие болған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер