Бибігүл Ақтан мен Шер Әлі айырылысып кетті
Жақында ғана Бибігүл Ақтан және Шер Әлінің табынушылары актерлық жұптың арасындағы романтикалық қарым-қатынасқа қуанған болатын, алайда жұлдызды жұп айрылысқандарын жариялады.
Жастар «Ничего личного» фильмінің кастингі кезінде танысқан болатын. Сол кезде олар араларында достықтан да терең байланыс орнайтынын білді ме екен?
«Менің Шер әлі туралы алғашқы әсерім, ол өте сымбатты, тартымды. Алайда түсірілім кезінде екеуміздің арамызда қандай да бір сезім туатыны ойыма да келген жоқ. Өйткені біз әріптестерміз ғой, ал әріптесіңе басқаша көзбен қараудың өзі кәсібилік емес», - деп есіне алды Бибігүл.
Дегенмен экрандағы бұл жұлдыздарды да махаббат сезімі айналып өтпеді. Олар фильмде ғашықтардың рөлін ойнады, кейіннен өздері де қыз бен жігіт ретінде кездесе бастады. олардың табынушылары екеуінің арасындағы қарым-қатынас туралы әртістердің Instagram парақшасы арқылы білді. Олар әлеуметтік желіге өздерінің бірге түскен фотоларын жриялап тұрған болатын.
«Көптеген табынушыларым менен: «Неге айырылысып кеттіңіздер?» деп сұрайды. Бұл сұраққа менің жауап бергім келмейді. Бір нәрсені анық айта аламын, айрылысуымыздың себептерінің бірі - дистанция. Соңғы кезде мен көп уақытымды Мәскеуде өткіземін», - дейді актриса.

«Ара-қатынасымыздың үзілгеніне көңілімді түсірмеймін, өйткені екі жаққа кету туралы ұсыныс жасаған өзім болатынмын. Өмірде менің ең жақсы көретінім, жылқылар, мотоциклдер және суық қару», - дейді Ақтан.
Естеріңізге сала кетейік, «Ничего личного» сериалында Бибігүл Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Динараны ойнады, ал Шер Әлі кәсіпкердің ұлы Арсеннің рөлін ойнады. Көпсериялы драманың сюжеті барысында бас кейіпкерлердің арасында нәзік сезім пайда болады, осы сезім фильмнен шынайы өмірге ауысты.
Тақырып бойынша:
Бибигуль Актан: «Я бы хотела сыграть Лару Крофт»
Бибигуль Суюншалина сыграет в российском сериале «Старшая жена







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін