È

Қазақстандықтың қысқа метрі Лас-Вегастағы Action On Film Festival кинофестивалінде ерекше аталып өтті

Қазақстандықтың қысқа метрі Лас-Вегастағы Action On Film Festival кинофестивалінде ерекше аталып өтті

Алмаз Амандосовтың «Vengeance Oil» қысқаметражды таспасы АҚШ-та, Лас-Вегаста өткен Action On Film Festival кинофестивалінде Үздік студенттік қысқа метр» номинациясын жеңіп алды.

«Біздің фильмді кинотеатрдан көрсетіп жатқанда көрермендердің ықыласы мен қошеметін ерекше болды. Ал көрсетілімнен соң басқа қатысушылардан картинаға қатысты жағымды пікірлерді естідім. Жалпы, көрермендердің ықыласы қазылар алқасына да ерекше әсер еткен болса керек, бізге осы жүлде табысталды. Өкінішке қарай, оқуға байланысты Лас-Вегастағы фестивальдің соңына дейін бола алмадым, сондықтан салтанатты марапаттауды өткізіп алдым»,-деп бөлісті Амандосов.

Кинотаспа жүрегі кекке толы әскердің алқаш ардагері туралы баяндайды. Кейіпкер сыры ашылмаған өлімнің арасында өмірлік махаббатынан айырылып қалады, жобалап кінәлі адамның ізін аңдып жүреді. Кейіпкер бар күшімен әділеттілікке қол жеткізгісі келеді.

«Vengeance Oil» фильмінен көрініс

«Vengeance Oil» фильмінің жанры – қара комедия-драма. Мен осы жанрдың жанкүйерімін. Таспа Тарантино, ағайынды Коэндер, Уэс Андерсон, Эдгар Райт, Финчер сынды әйгілі режиссерлардың туындыларына ұқсайды. Мен ерекше стильдердің комбинациясын - шынайылық пен драма элементтері бар күлкілі комедия қосындысын жасадым»,-деп қосты режиссер.

Қысқаметражды фильмнің түсірілімі үш күн бойы Лос-Анджелесте өтті. Картинадағы басты рөлдерді Эндрю Фульц, Роберт Фактор, Сэм Мэйсон және Италиядан келген актриса Джулия Джованетти ойнайды. Операторы - Джастин Кнодел. Фильм жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында аяқталған, қазіргі таңда фестиваль кезеңі өтуде.

Айта кету керек, «Vengeance Oil» фильмінің көрсетілімі II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінде өтті.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер