È

«Үнсіздікті жерлеу» қысқа метрі Toronto International Nollywood Film Festival финалында

«Үнсіздікті жерлеу» қысқа метрі Toronto International Nollywood Film Festival финалында

Жас режиссер Алма Баймұратованың «Үнсіздікті жерлеу» қысқа метрі («Bury the silence») Toronto International Nollywood Film Festival-дың бағдарламасына енді. Кинофестиваль Торонто, Канадада 19 қазан күні өтеді.

«Үнсіздікті жерлеу» драмасы Кэрол есімді қыз бен оның анасы туралы баяндайды. Бойжеткеннің анасы бакалея дүңгіршегіне барар жолда аяғын шығарып алады. Оқиғадан кейін анасы Кэролдан қайтыс болған итін көмуге көмектесуін сұрайды, алайда қыз тағы бір нәрсені көмуге кіріседі. Картинаның қоюшы-операторы - Константин Фротов.

«Үнсіздікті жерлеу» фильмінен көрініс

Алма Баймұратова - «Болашақ» стипендиясының иегері, Нью-Йорк кино академиясының «Режиссура» факультетінде оқиды. Қазіргі таңда отандасымыз «PEARL» фильмінің түсірілімін аяқтады, картина емделмейтін аурумен ауыратындарға арналған аурухананың медбикесі туралы. Картинада көрермендерге «Құштарлық анатомиясы» мелодрамасы арқылы таныс Элиз Мирто және «Терминатор 3: Машинаның қайта құрылуы» фильмі арқылы танымал Чоппер Бернет ойнады.

TINFF фестивалі алғаш рет өткізіліп отыр және тәуелсіз киноны дамытуға бағытталған. Байқау жыл сайын өткізілетін шараға айналуды көздеп отыр, ол Торонтодағы дәстүрлі Халықаралық кинофестивальден кейін бірден өтетін болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист