È

«Іңкәр жүрек 2»:жаңа кедергілер

«Іңкәр жүрек 2»: жаңа кедергілер

Көпшіліктің көңілінен шыққан мелодрама «Іңкәр жүрек» жалғасын тапты. Алғашқы маусымда көрермендер тағдыр тауқыметін тартқан Сәуле есімді қызбен танысқан болатын.

Екінші маусымда Сәуле мен оның жұбайы Әлібекті түрлі сын күтіп тұр. Отбасы мен қызметтің бірін таңдаудағы қиындықтарға көрермен куә болады. Авторлардың айтуынша,фильмде отбасылық көріністер көп болады, ғашықтардың қосылуы, отбасылық өмір, екінші сәбидің дүиеге келуі секілді оқиғалар көрсетіледі.

.

«Іңкәр жүрек» сериалының 1 маусымының түсірілімінен кадр

«Екінші маусымда Сәуле мен Әлібектің махаббаты сыналады. Ең бастысы, бас кейіпкер екінші сәбиі туғаннан кейін өзгереді, мінезі жұмсақ, сезімтал болып кетеді, ол отбасын сақтауға тырысады. Ең алғаш сценарийді оқыған кезде таңғалдым, Сәулемен арамызда ортақ нәрсе көп екенін байқадым. Сәуле тігін тігеді, мен секілді өзіне өзі сын көзбен қарайды. Бұл менің көптен күткен рөлім десем болады. дейді басты рөлдегі актриса Гүлшарат Жұбаева.

Айта кету керек, негізгі актерлық құрам өзгерген жоқ, бірақ режиссер өзгерді.Бірінші маусымда Жеңіс Тұматаев режиссерлық етті, ал екіншісін белгілі клипмейкер Валерий Задарновский түсірмек.

«Іңкәр жүрек 2» 24 сериядан тұрады, сериал «Қазақстан» арнасында жылдың соңында көрсетілуі мүмкін. Авторлардың айтуынша, сериалдың көрерменге айтары бар.

 

Тақырып бойынша:

Гульшарат Джубаева сыграет в сериале «Інкәр жүрек»

«Казахстан» анонсирует сериал «Інкәр жүрек»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер