È

Қазақстандықтар үшін сериалдарды кім қалай дубляж жасайды

Қазақстандықтар үшін сериалдарды кім қалай дубляж жасайды

Отандық телеарналардағы телеөнімдердің көбі шетелдің өнімдері екені ешкімге құпия емес. Сондықтан көрермен экранда көрсетілетін фильмдердің мазмұнын түсіну үшін сапалы аударма мен дубляж керек. "Жетінші арнадағы" "Күзгі жапырақтар" атты атақты түрік сериалының дубляжымен кәсіби актерлер тобы, дыбыс режиссерлері және аудармашылар жұмыс істейді.

"Жетінші арнаның" синхронды аударма шеберлері Аяужан Бүркітбаева, Назгүл Балабекова, Баян Нұғман, Анаргүл Сайекешова.Мәтін аударылғаннан кейін материалдар Еркеблана Әбдрахман мен Зухра Борантаеваның қолына тиеді, олардың міндеті - мәтінді жеңілдету. Осыдан кейін дайын болған мәтін режиссер мен актерлерге беріледі, олар дыбыс жазумен айналысады. Дубляждың режиссерлары: Қуаныш Қолдауов және Арай Амантауова.

Нартай Сауданбекұлы Әли Рза Бейді, Михмат Бейді, Яман Бейді, Амир, Улучті, түрмедегілерді жәнә басқаларды дыбыстайды. Гүлнар Рысбай Ферхунде, Неджла, Джейда, Седеф, Райхан, Джеврие және Нурданды секілді кейіпкерлерге дыбыс сыйлаған. Олжас Жакыпбектың дауысымен Шевкет, Тахсин, Ахмет бей, Джем, Әли және судьялар сөйлейді.

Дыбыс жазылып болғанан жұмысқа дыбыс режиссеры Абылай Энгельс және видеоинженерлер Арман Үсенов, Жанат Шарапиденов және Куаныш Әлмұханов кіріседі. Олар жазылған дубляжды түпнұсқасының үстіне қояды. Кейіпкердердің дауыстарының синхроны мен іс-қимылдарының сәйкестігін Светлана Кусаинова бақылайды. Соңғы қадам орысша субтитрларды қою. Сонымен жаңа серия көрермендерді қуантуға асығады.

Жоғарыда айтылған барлық процесті дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі Кенжемұрат Көшеров қадағалап отырады. Оның айтуынша дубляж мамандары қызыл кілемде жүретіндер қатарынан емес, көбіне олардың еңбегі көлеңкеде қалып қойып жатады.

Қазір «Жетінші арнаның» дубляж тобы «1001 түн» сериялын дубляждау жұмыстарын бастап кетті.

Әйгерім Қасқыр

Аударған Айнұр Сенбаева

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер