«Құнанбай» «Серебряный Акбузат» ХКБ-да көзге түсті
«Құнанбай» фильмі «Серебряный Акбузат» байқауында Әмір Әбдразақов атындағы «Ұлттық рух үшін» жүлдесімен марапатталды. III Халықаралық ұлттық және этикалық кино байқауы Уфада 26-28 қазан аралығында өтті.
«Құнанбай» тарихи лентасы болыс Құнанбай Өскенбайұлы - ұлы ойшыл абай Құнанбаевтың әкесі жайлы.
Фильм «Қазақфильм» киностудиясының өнімі, картинаны Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досқан Жолжақсынов түсірді.
«Құнанбай» фильмінен кадр
Әртістің айтуынша, «Құнанбай» фильмінің негізгі мақсаты - жастардың ұлттық дүниетанымын ояту, еліне, жерін сүюге шақыру.
Естеріңізге сала кетейік, «Тұлпар» ұлттық жүлдесін тапсыру кезінде басты кейіпкер - актер Досқан Жолжақсынов - «үхздік ер адам рөлі» жүлдесін, композитор Төлеген Мұхамеджанов «Үздік композитор», ал Рустам Одинаев «Үздік қояшы-суретші жұмысы» жүлделерін иеленген болатын. Сонымен қатар картина «Үздік сценарий» номинациясы бойынша да топ жарды. сценарий ввторлары Таласбек Әсемқұлов және Досқан Жолжақсынов.
«Серебряный Акбузат» әлем халықтарының мәдениеті мен рухани құндылықтарын насихаттау және ұлттардың бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жылы байқауға қазақстанмен бірге Армения, Ауғанстан, Бангладеш, Египет, Иран, Қырғызстан, Моңголия, Ресей, Украина және басқа да елдерден 24 жұмыс қатысты.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін