«Құнанбай» «Серебряный Акбузат» кинофестиваліне қатысады
26-28 қазақ аралығында Уфада «Серебряный Акбузат» Ұлттық және этникалық киноның III Халықаралық фестивалі өтеді. Байқау бағдарламасына режиссер Досқан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи лентасы енді. Қазақстандық фильмнен басқа Армения, Ауғанстан, Бангладеш, Египет, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Украина және басқа да мемлекеттерден 24 жұмыс қатысады.
«Құнанбай» қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың болыс болған Құнанбай Өскенбайұлы жайлы. Фильмде Досхан Жолжақсынов, Нұрсифат Салықова, Әліби Сырайлы, Айдос Бектеміров, Майра Омар және Қарагөз Сүлеймен ойнайды.
«Серебряный Акбузат» ХКФ Башқұртстан Үкіметі мен Башқұртстан Республикасының Мәдениет министрлігі УФА қалалық округі әкімдігінің қолдауымен пайда болды. Қйымдастырушысы «Башкортостан» киностудиясы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Құнанбай» бірқатар марапаттарға ие болған, олардың тізімінде Бірінші ұлттық киножүлде «Тұлпар»: басты рөлді орындаушы Досқан Жолжақсынов «Үздік ер адам рөлі» жүлдесіне ие болса, фильмнің композиторы Төлеген Мұхамеджанов «Үздік компазитор» атағына ие болды, ал Рустам Одинаев «Үздік қоюшы-суретшінің жұмысы» номинациясы бойынша жеңіске жетті, «Үздік сценарий» жүлдесі Таласбек Әсемқұлов пен Досхан Жолжақсыновқа бұйырды.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін