È

Құралай Анарбекова: «Табандылық пен өз-өзіммен жұмыс істеу арқылы Каннға келдім»

Құралай Анарбекова: «Табандылық пен өз-өзіммен жұмыс істеу арқылы Каннға келдім»

Актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова Астанадағы Global Silk Road Халықаралық конференциясының аясында өткен «Әйелдер – Жібек жолы көшбасшылары» дөңгелек үстелінің қатысушысы атанды. Отандасымыз сөз сөйлеу барысында табысқа жету жолдарымен бөлісті. Бұл туралы www.expoandwomen.com хабарлайды.

Құралай Анарбекова Ақтөбеден төрт сағаттық жолды құрайтын Шалқар қалашығында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Құралай алматылық жоғары оқу орнының біріне түсті. Кастингте бағын сынап көріп, режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» картинасындағы Қорлан рөліне ие болады.

«Картинадағы табыстан кейін өмірім жақсарды, енді жарнамалық келісім-шарттар мен жаңа рөлдер пайда болады деп ойладым. Бірақ, өмірде ешқашан босаңсуға болмайды. Фильмнің табысына қарамастан, маған шарттарын ұсынып, тіпті «жолыңды бөгеп, рөлсіз қалдырамыз» дегендер жолықты. Мен жағдайды өзгерту керектігін түсіндім. Мен киноға продюсерлік етіп, өз идеяларымды жүзеге асырғым келді. Басқаларға тәуелді болғым келмеді», - деді Құралай Анарбекова.

Құралай Анарбекованың жеке Instagram парақшасынан
Құралай Анарбекованың жеке Instagram парақшасынан

Сол себепті бойжеткен БМКИ-ге «Продюсерлік» бағыт бойынша құжаттар тапсырады. Аңсаған дипломына қол жеткізген соң, Астанаға көшеді де, Corich Group атты жеке production-студиясын ашады. Жас продюсердің алғашқы тапсырысы Qazaqstan телеарнасы үшін түсірілген «Алтын ұя» хикаясы болды. Тек 5 жылдан соң көптен күткен толық метрі – «Аға ма әлде неке ме» комедиясын түсірді. Фильм 450 миллион теңге жинап, отандық айналымның рекордын орнатты.

Алайда, Анарбекованың өміріндегі ең маңызды сәт 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің ашылуына шақырту алғаны еді.

фото @sergeymonko
фото @sergeymonko

«Мен ол жаққа әдемі көйлек киіп, қызыл кілеммен өту үшін ғана барған жоқпын. Бұл - ол жақта қандай жағдайдың орнағанын көруге бағытталған тамаша мүмкіндік. Әйел продюсерлермен танысып, сұрақтарды жаудырғаным есімде. Анам мен Қорлан образы арқылы шаббытанғаным секілді, олар да маған шабыт сыйлады. Фестиваль басталар алдында өз бөлмемнің терезесінен Фестиваль мен конгрестер сарайы маңындағы дайындықты көріп, балалық шағымды, Шалқарды, қоңызды жүйектерді есіме түсірдім. Мен табандылық пен өз-өзіммен жұмыс істеу арқылы Каннға келдім. Енді одан әрі еңбек ететін кез келді. Әрі жоғары мақсаттар қоюым керек», - деп қоса кетті продюсер.

Айта кету керек, Құралай шынында да тоқтар емес. Жақында ол «Аға ма әлде неке ме» фильмі жалғасының түсіріліміне кіріседі.

Превью: Құралай Анарбекованың жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер