È

Алматыда «Аға ма әлде неке ме?» комедиясының түсірілімі басталды

Алматыда «Аға ма әлде неке ме?» комедиясының түсірілімі басталды. Қазақстан киносы

Бүгін Алматыда «Аға ма әлде неке ме?» («Брат или брак?») отандық комедиясының бірінші түсірілім күні болды. Картинаны «Corich production» продюсерлік орталығы түсіруде, оның бас продюсері – актриса Құралай Анарбекова. Ал қосалқы продюсері - Әлішер Утев.

«Аға ма әлде неке ме?» фильмінің сюжеті бойынша Гаухар есімді бойжеткен ағаларының шектен тыс қамқорлығынан арылуды қалайды. Қыздың туыстары өмірлік жарын таңдау құқығына кедергі келтіреді, үнемі оның таңдауын жақтыра бермейді. Дегенмен, ондаған жігіттердің арасынан Гаухардың ғана емес, ағаларының да көңілін таба білетін нағыз ер азамат табылады.

Басты кейіпкерлерді Құралай Анарбекова және Дәурен Серғазин сомдайды. Сондай-ақ, көрермендер фильмнен Әбунасыр Серіков, Нұрлан Сабуров, Қажымұқан Қалымбетов, Тәуекел Мүсілім, Мұрат Бисенбин сынды актерларды көре алады.

Съемки фильма «Брат или брак?», режиссер Ернар Нургалиев

Фильм түсіріліміне режиссер Ернар Нұрғалиев пен қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаевтың жетекшілігіндегі кәсіби топ атсалысуда.

Сценарий мен идея авторы – Әлішер Утев. Сонымен қатар, сценарий жазуға Әділбек Сейілхан мен Арыстан Каунев атсалысты.

Комедиялық таспаның түсірілімі шамамен, ағымдағы жылы маусым айының соңына таман аяқталмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер