È

Құралай Анарбекова Канн кинофестивалінің ашылуына шақырылды

Құралай Анарбекова Канн кинофестивалінің ашылуына шақырылды

Актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова 71-ші Канн кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысатын болды. Отандасымыз Голливуд пен Еуропа жұлдыздарымен бірге қызыл кілемшемен жүріп өтеді. Фестивальдің ашылуы Grand Theatre Lumiere ғимаратында 8 мамырда болмақ.

Құралай Анарбекованы кино әлеміндегі ең маңызды шаралардың біріне Méridiende Paris француз компаниясы шақырды.

«Біз бірігіп, бірнеше франко-қазақстандық киножобалар жасауды жоспарлаудамыз. Сондай-ақ, еуропалық кинофестивальдерге қазақстандық фильмдерді белсенді түрде шығарып, олардың Еуропада таралуына мүмкіндік жасауды көздеп отырмыз. Біз Құралайдың шығармашылық мүмкіндігіне сенеміз және зор үміт күттіретін жас актрисаға қуана жан-жақты қолдау білдіреміз», - деді Méridiende Paris Еуропа киножұлдыздары агенттігінің продюсері Андре Иванов.

Еске сала кетсек, Құралайдың продюсерлік дебюті 2017 жылы «Аға ма әлде неке ме?» фильмімен басталды. Комедия кассалық хитке айналып, айналымдағы 11 аптаның ішінде жарты миллиард теңгеге жуық (454 535 740 теңге – Sulpak cinema мәліметі бойынша) қаржы жинаған.

Биылғы жылы кинофестивальді Асгар Фархадидің «Бәрі біледі» картинасы ашады, фильмге Пенелопа Крус пен Хавьер Бардем жұлдызды жұбы түскен.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер