Sulpak cinema «Аға ма әлде неке ме» комедиясының жинағын ұсынды
«Аға ма әлде неке ме» отандық фильмі айналымдағы 11 апта ішінде жарты миллиард теңге жинады. Sulpak Cinema компаниясының ұсынған ақпаратына сәйкес, 3 қаңтар күні картина жинағы 454 535 740 теңгені құрады.
«Аға ма әлде неке ме» комедиясы - продюсер Құралай Анарбекова мен режиссер Ернар Нұрғалиевтің үлкен дебюті, картина былтырғы жылдың 26 қазанында жарыққа шыққан болатын. Салынған қаражаттың қаншалықты ақталғаны құпия болып отыр. Авторлар фильм бюджетін жариялауға асықпайды.
«Аға ма әлде неке ме» фильмінен көрініс
Фильм Гаухар мен жігіті Айдар туралы баяндайды. Жұп некелерін қиғысы келеді, бірақ алдымен Айдар қалыңдығының ағаларымен танысуы тиіс. Қыздың туыстарымен кездесу қызықты хикаяларға ұласады.
Еске салсақ, комедияға Құралай Анарбекова, Дәурен Серғазин, Әбунасыр Серіков, Нұрлан Сабуров, Тәуекел Мүсілім, Олжас Абай және Бауыржан Қаптағай түсті.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін