È

«Ұлы дала комедиясы» отандық айналымда көш бастады

18-21 қазан аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада киномандар «Ұлы дала комедиясы», «Хэллоуин», «Ойыншықтар дүкенінің құпиясы», «Бақа Риббит», «Лукас» сынды фильмдерді тамашалады. Әр картинаның қанша көлемде пайда тапқанын біздің кассалық жинақтан* біле аласыздар.

Отандық айналымда кассалық жинақ рейтингінде 101 223 360 теңге жинаған «Ұлы дала комедиясы» фильмі көш бастап тұр. Картина режиссері – Дархан Сәркенов. Басты рөлдерді Төреғали Төреәлі, Дәулет Бижанов, Мадина Оспан сомдады. Таспа Алматыда 23 күннің ішінде түсірілді.

Рейтингтің екінші сатысына «Веном» комиксі түсіп қалды, ол өткен демалыста 64 527 441 теңге жинады. Картина Sony-мен бірге Marvel киноәлемімен түсірілген. Режиссер – Рубен Флейшер. Түсірілім АҚШ-та, Нью-Йорк пен Атланта қалаларында өтті.

«Веном» фильмінен көрініс
«Веном» фильмінен көрініс

Үшінші орынға «Хэллоуин» фильмі жайғасты, оның бокс-офисы 34 304 340 теңгені құрайды. Таспа 1978 жылы түсірілген Джон Карпентердің аттас картинасының жалғасы болып табылады. Хоррордың тұсаукесерлі көрсетілімі қыркүйекте Торонто кинофестивалінде өтті.

«Айдағы адам» кассаны 14 770 800 теңгеге толтырып, бесінші орынға жайғасты. Бұл - Джеймс Р. Хэнсеннің «Бірінші адам: Нил О. Армстронгтың өмірі» романына негізделген өмірбаяндық драма. Кітапты Дэмьен Шазелл экрандады. Астронавт рөлі актер Райан Гослингке бұйырды.

«Эль Рояль» қонақ үйінде жақсы ештеңе жоқ» 10 520 400 теңге жинады. Рөлдерде: Джефф Бриджес, Синтия Эриво, Дакота Джонсон және рөл үшін 10 килограмм бұлшықетін тастаған Крис Хемсворт.

«Хэллоуин» фильмінен көрініс
«Хэллоуин» фильмінен көрініс

«Ойыншықтар дүкенінің құпиясы» мультфильмі 8 616 800 теңге жинады. Картина бюджеті 12 000 000 долларды құрады. Сюжетте қытайдың шәйға арналған заттар дүкені, сол жақта фарфор ойыншықтар тіріледі.

«Іздеу» фильмі айналымда төртінші апта жүріп жатыр, ол кассасын 7 302 500 теңгеге толтырды. Фильмнің әлемдік тұсаукесері 2018 жылдың 21 қаңтарында «Сандэнс» кинофестивалінде өтті. Басты рөлді «Гарольд пен Кумар», «Ұйқыдағы алқап» кинотаспалары арқылы танылған актер Джон Чо сомдады.

«Сағатты үйдің құпиясы» картинасының жинағы 7 205 900 теңгені құрайды. Фильм адамдарды біртүрлі болып көрінуден қорықпауға, қоғамдағы ережелерге сай болуға тырыспауға шақырады. Фильм режиссері Элай Рот түсірілімге актер ретінде қатысып, Иванның жолдасын сомдады.

«Ойыншықтар дүкенінің құпиясы» фильмінен көрініс
«Ойыншықтар дүкенінің құпиясы» фильмінен көрініс

«Жұлдыз дүниеге келді» рейтингтің соңғы тізіміне еніп, 6 893 600 теңге жинады. Картина 1937 жылы түсірілген аттас фильмнің ремейкі болып табылады. Леди Гаганың өтініші бойынша, таспадағы барлық әндер жанды дауыста орындалды. Одан бөлек, Элли рөліне әншілер Кэти Пэрри мен Бейонсе үміткер болған еді.

«Бақа Риббит» шытырман оқиғалы мультфильмі 5 514 600 теңге, ал Кирилл Плетневтің «Менсіз» фильмі 3 870 299 теңге жинады. «Лукас» фильмінің бокс-офисы 3 174 028 теңгені құрады. Өткен демалыстағы аутсайдерлер – «Қаржыгер. Шығу ойыны». Оның жинағы бар-жоғы 2 623 370 теңгені құрайды.

 

Кесте кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер