È

«Ұлы дала комедиясы» алғашқы көрермендерге көрсетілді

«Ұлы дала комедиясы» алғашқы көрермендерге көрсетілді

18 қазаннан бастап айналымға «Ұлы дала комедиясы» комедиясы шығады, басты рөлді әнші Төреғали Төреәлі сомдады. Картинаны қазақстандықтарға ұсынбас бұрын, фильм авторлары БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын өткізіп, барлық қызықты сұрақтарға жауап берді.

Сюжет бойынша байлық пен атаққа мастанып жүрген әнші Төреғали өзінен басқа ешкімді байқамайды. Алайда, тағдыр оған тосын сый әзірлеп қойыпты, еркелеп кеткен әртіс бір-ақ сәтте барлығынан айырылып, қарапайым шаштараз Талғатқа айналады. Содан кейін, өмірдегі құндылықтар жайлы қайта ойланады.

«Ұлы дала комедиясы» фильмінен көрініс
«Ұлы дала комедиясы» фильмінен көрініс

Таспа режиссері Дархан Сәркенов болды, сценаристі – Әбдусаид Төлегенов, атқарушы продюсері – Біржан Ескендіров. Бас продюсері Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Әлиханов болды.

«Фильмде әзіл бастысы емес. Біздің мақсатымыз – көрермендерге сабақ боларлық азық беру. Біз жұлдыз ауруы секілді мәселені көрсеткіміз келді», - деді Әбдусаид Төлегенов.

Картина 23 күннің ішінде Алматы қаласында түсірілді. Авторлардың айтуынша, барлық актерлар кастинг арқылы таңдалған.

«Ұлы дала комедиясы» фильмінен көрініс
«Ұлы дала комедиясы» фильмінен көрініс

Комедияда әншінің жарын актриса Мадина Оспан сомдады. Бұл оның басты әйел рөліндегі дебюті болды. Жұлдыз бен Талғатты Төреғали Төреәлі сомдады. Сондай-ақ, кинодан Дәулет Бижановты, Жанболат Найзабековты, Мадияр Серікбаевты, Ғазиз Ерболатты көруге болады.

Төреғалидің айтуынша, ер азамат жан-жақты болуы тиіс, сондықтан ол өзін әнші және актер ретінде дамытуды көздейді.

Комедия бюджеті құпия ұсталуда.

Айта кетсек, фильм режиссері Дархан Сәркенов алдыңғы жолы «Екі адамдық мақала» толық метрін түсірген болатын.

 

Ыңғайлы көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса