È

Мақпал Исабекова мен Нұржан Керменбаев «Зор» фильмінің саундтрегін орындады

Мақпал Исабекова мен Нұржан Керменбаев «Зор» фильмінің саундтрегін орындады

Мақпал Исабекова мен Нұржан Керменбаев «Айта бермеші» әніне арналған ортақ бейнебаянды ұсынды. Шығарма ағымдағы жылдың желтоқсан айында жарыққа шығатын «Зор» спорттық драмасының саундтрегі болып табылады.

«Зор» картинасындағы оқиға Айдын айналасында өрбиді. Бозбала қалаға көшіп келіп, жаңа достар табады, ғашық болады. Бір қарағанда, өмірінде барлығы сәтті сияқты еді. Дегенмен, Айдынның арманы – бокспен кәсіби түрде айналысу. Бірақ, ата-аналары бұл арманға қарсы болады. Бір күні Айдынға қабілетін іспен көрсететін уақыт келеді.

Фильм кейіпкерлерін BN тобының мүшелері: Альбина Болатқызы, Айдын Жұмахан және Әлішер Әскербеков сомдады. Сондай-ақ, көрермендер драмадан Адина Бажан және Еркебұлан Тоқтар секілді жаңа бейнелерді, жас актерларды көре алады.

Фильм түсірілімі Алматыда өткен. Таспаның өндірісімен Dostar production компаниясы айналысты.

«Зор» жобасының идея авторы әрі бас продюсері - Еркебұлан Молдашев.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер