È

«Мария – Шотландия патшайымы»: күш үшін шайқас

«Мария – Шотландия патшайымы»: күш үшін шайқас

Focus Features студиясы британдық театралды режиссер Джози Рурктің («Әулие Иоанна», «Кориолан») «Мария – Шотландия патшайымы» костюмді тарихи драмасының екі постері мен алғашқы трейлерін ұсынды. Таспаның басты рөлдерін Сирша Ронан («Құс ханым», «Бруклин») және Марго Робби («Біткен», «Қош бол, Кристофер Робин») сомдады. Жоба сценаристі Бо Уиллимон («Картадан жасалған үйшік», «Наурызды идолар») болды. Фильмнің «Оскарға» үміткер екенін бір қарап-ақ байқауға болады.

«Мария – Шотландия патшайымы» үйірімпаз Мария Стюарттың (Сирша Ронан) екпінді өмірін зерттейді. Ол 16 жасында Франция патшайымы атанып, екі жылдан соң жесір қалды. Мария қайтадан күйеуге шығуға қарсы. Оның орнына ол туған жері Шотландияға қайта оралып, өзінің заңды тағын қайтаруға тырысады. Бірақ Шотландия мен Англия I Елизаветаның (Марго Робби) билігінде еді. Бұл әйелдердің әрқайсысы қорқыныш туғызады әрі таңдай қақтырады. Олар қатал ерлер әлемінде махаббат пен билік үшін күреседі және некенің немесе жеке бас бостандығының қайсысы маңыздырақ, соны шешуге тырысады.

«Мария – Шотландия патшайымы» тарихи драмасы 2019 жылдың 17 қаңтарынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер