È

Рашид Нұғымановтың шеберханасы тәжірибелік драматургия курсын өткізбек

Рашид Нұғымановтың шеберханасы тәжірибелік драматургия курсын өткізбек

Рашид Нұғымановтың шеберханасы тәжірибелік драматургия курсын ашық деп жариялайды. Сабақ 22 қаңтар мен 22 сәуір аралығында Алматыда өтеді. Өтініштер 15 қаңтарға дейін қабылданады.

Тәжірибелік драматургия курсы авторларға киносценарий форматын түсінуге, көріністерді дұрыс қоюға және диалогтарды құруға көмектеседі, сондай-ақ сценарий жазу барысында қандай қателіктерді болдырмауды үйренеді. Оқу бітірген соң әр қатысушы емтихан тапсырады.

Дәрісті режиссер, сценарист әрі продюсер, ВГИК-тің режиссура факультетінің түлегі, Сергей Соловьевтің шеберлігінде оқыған Рашид Нұғыманов жүргізеді. Ол 1988 жылы көрермен назарына әйгілі рок әнші Виктор Цойдың қатысуындағы «Ине» картинасын ұсынған. Ал 2010 жылы «Ине-Ремиксті» жарыққа шығарды.

Рашид Нұғыманов

Қазіргі таңда Рашид Мұсаұлы - «Тұлпар» киножүлдесін бекіткен Ұлттық кинематография өнері академиясының президенті. 2015-2017 ж.ж. аралығында режиссер «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің бас директоры болды.

Драматургия курсы Facebook Live онлайн платформасында өтеді.

Курсқа жазылып, қосымша ақпарат алу үшін 8 (707)-463-98-17 нөміріне хабарласуға немесе master@nougmanov.com мекен-жайына хат жазуға болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер