È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан киносы
  • Мейірхан Шерниязов: «Бізде «Тіркеуші» сияқты фильм әлі түсірілмеген»

Мейірхан Шерниязов: «Бізде «Тіркеуші» сияқты фильм әлі түсірілмеген»

  • 5 Наурыз, 2018
  • Индира Бекмахамбет
  • 1 738
  • 0
Мейірхан Шерниязов: «Бізде «Тіркеуші» сияқты фильм әлі түсірілмеген»

20 наурыздан бастап кинотеатрларда «Тіркеуші» фильмінің көрсетілімі басталады. Комедиялық таспа көптеген келеңсіз жағдайларға тап болатын көлік жүргізушісі жайлы баяндайды. Отандық көрермендерді картина несімен қызықтыратынын қоюшы-режиссер Мейірхан Шерниязов айтып берді.

Айта кету керек, бұл жоба актердің толықметражды кинодағы алғашқы режиссерлік тәжірибесі.

«Фильмнің ерекшелігі картинадағы іс-әрекеттер толықтай көлікте өтті, барлығын статикалық камерамен бір кадрмен түсірдік. «Тіркеуші» сияқты фильм бізде әлі түсірілген жоқ деп нақты айта аламын. Режиссері өзім болдым. Әрине, қиындықтар болды. Бірақ жобамен жалғыз өзім айналысқан жоқпын, біз Мейірхан Төребаев және Медет Аманбаевпен бірге жұмыс істедік», - деп бөлісті Мейірхан Шерниязов.

Сюжеттің ортасында жігіт өзінің «люкс» көлігіне сақтықпен қарайтын кірпияз кәсіпкердің жүргізушісі болып орналасады. Жұмыстың бірінші күні көлік жүргізушісі көлікті тұраққа апарып қою туралы тапсырма алады. Бірақ, ешқандай артық күшті талап етпейтін тапсырма фильм кейіпкері үшін қорқынышты сынаққа айналуы мүмкін.

Фильмде Мейіржан Төребаев, Медет Аманбаев, Мейірхан Шерниязов, Әбунасыр Серіков және Әзім Саидбаев ойнады.

«Дайындық кезеңі 2017 жылы қазанның басында өтті, ал түсірілім желтоқсан айында басталды. Фильмді 9 күнде түсірдік. Түсірілім күнінің аздығына қарамастан, түсірілімнің техникалық жағы қиындау болды. Түсірілім кезіндегі көлік қалада камерамен, жарықпен, штативпен жүріп отырды. Түсірілімге қатысқан барлық жандарға алғыс айтқым келеді. Жігіттер, ақысыз жұмыс істеді деп айтуға болады»,- деді режиссер.

«Тіркеушінің» түсірілім тобына қоюшы-операторлар Сәбит Семетов және Айдар Оспан, дыбыс режиссері Денис Коноплев және композитор Александр Шевченко кірді. Өңдеу режиссері Әнуар Мәтжанов болды.

Фильм Make Films компаниясымен шығарылды.

«Тіркеушінің» ресми трейлерін осы жерден көруге болады.

  • 5 Наурыз, 2018
  • Индира Бекмахамбет
  • 1 738
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Казахстанское кино

25 Мамыр, 2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды «ГОК» фильмі толыққанды прокатқа шықты

В кинотеатрах с 25 мая

Brod.kz

Казахстанское кино

31 Тамыз, 2022

VII BAIQONYR ISFF қазылар алқасымен танысу

Ұлттық конкурс

Brod.kz

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Аян Өтепберген

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама