MG Production «Полицейлер» хикаясына кастинг жариялады
«MG Production» кинокомпаниясы «31 арнаның» тапсырысымен «Полицейлер» атты комедиялық хикаясының түсіріліміне дайындықты бастап кетті. Көпсериялы фильм туралы бұрын телеарнаның бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова хабарлаған болатын. Оның айтуынша, хикаяда құқық қорғау органдарының күнделікті өмірі баяндалады. Қазіргі таңда авторлар басты және қосалқы рөлдерге актерлар іздеп жатыр.
Ситкомның түсіріліміне жұмсақ мінезді ер азамат рөліне 40-45 жастағы кез-келген ұлт өкіліндегі (спорттық дене бітіміндегі емес) актер қажет. Өз-өзіне сенімді кейіпкердің рөліне авторлар 25-30 жас аралығындағы денелі ер азаматты іздейді. Барлығын білетін кейіпкердің рөліне 25-30 жастағы арық актер, ал ақкөңіл арманшылдың рөліне 23-25 жастағы дене бітімі мығым актер қажет. Сондай-ақ, авторлар батыл әрі жігерлі полицейді сомдау үшін 27-30 жас аралығындағы тартымды ер азматты іздейді.
Өз-өзіне сенімді, ауыр мінезді сұлудың рөліне 18-23 жастағы әдемі қыздар шақырылады.
Барлық үміткерлердің түсірілімдегі тәжірибесі болуы шарт және орыс тілінде сөйлей білуі міндетті.
Марина Қонарова
Еске сала кетсек, MG Production - продюсер Марина Қонарованың кинокомпаниясы, ол сонымен қатар, «Голодомор 1933» тарихи фильмінің түсіріліміне дайындалып жатыр.
Кастингке қатысқысы келетін адамдар casting_mgp@mail.ru электронды поштасына өзі туралы мәліметті жолдаулары қажет. Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы біле аласыздар: 8 (701) 738-39-99, 8 (775) 697-68-66.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін