«Минус 550»: өткенге қарай алға
Жақын күндері «Минус 550» деп аталатын ғылыми-фантастикалық сериалының бірінші маусымының түсірілім басталады. Ситком авторлары жұмысты шілде айында бастауды жоспарлап отыр. Түсрілім алаңы Астана және қала шетіндегі алаңқайлы жерлер.
«Көрерменді өте қызықты маусым күтіп тұр. өте қызық персонаждар болады, аяқ астынан өткен замаға түсіп кетудің өзі өте қызық жайт қой. Әр кейіпкердің өз жолы, өз мақсаты бар. мысалы, оқымысты Әлібек Нобель сыйлығы туралы армандайды. Данияр махаббат хикаясында әділдікке жеткісі келеді. ал Макс - кәсіпкер, ол ек әлемде де ісін алғабасқызғысы келеді, ол саудамен айналысады», - деп түсіндірлі продбсер әрі басты рөлді орындаушы Жасын Қанбаев.

Жасын Қанбаев
айта кетейік, ситкоммен 13 production айналысады. Бұл студия «АйнаОнлайн», «СвиДЕТИли», «Айнасөздік» және «Мисс Чувство Юмора» жобаларын түсірген. Бірінші маусымда көрерменге 20 серия ұсынылады, әр серияның ұзақтығы 25 минут.
«Мұндағы әзіл әр жастағы көрерменге түсінікті. Біз сериалды ағылшын және қазақ тілдеріне аударуға тырысамыз. Сериал жалпы алғанда Қазақстан жайцлы емес. Біз ойдан алынған, бірақ бәріне түсінікті оқиғаны түсіреміз. Сериалды отандық телеарналардың бірінен күзде көре аласыздар. Әзірге келіссөздер жүріп жатыр, кейбір тұстарын талқылап жатырмыз», - дейді Жасын.
Естеріңізге сала кетейік, сериал уақыт машинасы арқылы өткен заманға тап болған достар туралы. Басты рөлдерде: Жасын Қанбаев, Данияр Алшынов, Әділбек Әбілов және Бибігүл Ақтан.
Әйгерім Қасқыр
Тақырып бойынша:







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін