È

Мөлдір Мекенбай «Батырлар жолы» тарихи хикаясына түсіп жатыр

Мөлдір Мекенбай «Батырлар жолы» тарихи хикаясына түсіп жатыр

Мөлдір Мекенбай Асқар Ұзабаевтың «Батырлар жолы» жаңа тарихи хикаясында негізгі рөлдердің бірін сомдап жатыр. Көпсериялы фильм «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілуде.

Телехикая сюжеті Қарасай Батырдың қалыптасу тарихына арналған.

«Кейіпкерім дәулетті отбасынан шыққан. Бибігүл – өте нәзік, ақкөңіл, жапа шеккендерге жаны ашып жүретін ұяң бойжеткен, туыстарымен жақсы қарым-қатынаста, болашақта Қарасайдың тамаша жары бола алады. Кейіпкерім әрі қарай ашыла түсіп, өзінің мықты тұстарын көрсетеді»,-деп бөлісті Мекенбай.

Бұл бойжеткеннің көлемді тарихи жобадағы алғашқы рөлі. Режиссердің айтуынша, қазір жас бейнелер Қазақстан кинематографына жетіспейді.

«Мен кастингтен өткеніме қатты қуандым, өйткені Асқар Ұзабаевтың фильміне түсу бақыты кез-келген актерге бұйыра бермейді ғой. Бекітілген соң рөлге ұзақ дайындалдым, тарихи фильмдерді тамашаладым, көптеген әдебиеттерді оқып шықтым, ер тоқымда отыруды үйрендім. Жалпы, берілген тапсырманы орындап, түсірілімге дайындықпен келдім»,-деп қосты актриса.

Айта кету керек, ару Назарбаев университетінде оқиды әрі 2016 жылы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған.

«Батырлар жолы» хикаясы «Хабар» телеарнасынан желтоқсанда көрсетілмек.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

23 наурыз 2018, 01:54

Чем больше исторические сериалы, тем лучше для нас. Ждем.

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер