È

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» айналымда «Құмырсқа адам және Сонаны» ығыстырды

12-15 шілде аралығындағы кассалық жинақ

Футболдан әлем чемпионаты отандық айналымдағы жаңа туындылардың кассалық жинағына еш әсер ете қоймады. Белгілі болғандай, жинақ* рейтингінде белсенді түрде жарнамаланып жатқан «Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» мультфильмі және керемет Дуэйн Джонсонмен «Зәулім ғимарат» атыс-шабыс фильмі үздіктердің қатарынан табылды. Қалған фильмдердің қанша пайда тапқанын апта сайынғы материалымыздан оқыңыздар.

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» мультфильмі айналымда үздік атанды. Картина 100 319 755 теңге жинады. Ресейде таспа 360 миллион рубльге ие болды (kinobusiness.com мәліметтері бойынша – ред.), осылайша Marvel-дің соңғы жұмысы – «Құмырсқа адам және Сонаның» бірінші жинағынан асып түсті (338,7 млн рубль). Sony Animation үшін «Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» «Смурфиктер: Тастанды ауыл» фильмінен кейінгі кинотеатралды релизге ие болған екінші триквел болды.

«Зәулім ғимарат» фильмінен көрініс
«Зәулім ғимарат» фильмінен көрініс

«Зәулім ғимарат» атыс-шабыс фильмі 74 390 400 теңге жинап, екінші орынға жайғасты. Ресейлік айналымда фильм 169,5 миллион рубль (kinobusiness.com мәліметтері бойынша – Ред.) жинады. Алғашында режиссерлік орынға Брэд Пейтон Рэмпейдж») мен Роланд ЭммерихТәуелсіздік күні») қарастырылған. Кейін, қойылымымен бұрын тек комедиялық таспалар түсірген Роусон Маршалл Тёрбер айналысты. Оның ең белгілі картинасы - «Біз - Миллерлер».

Айналымдағы екінші аптада «Құмырсқа адам және Сона» 34 829 912 теңге жинады. Оның жалпы жинағы 213 680 703 теңгені құрайды. Джанет ван Дайн (бірінші Сона) рөліне Кэтрин Зета-Джонс пен Шэрон Стоун қарастырылған еді. Алайда, режиссер Пейтон Рид Мишель Пфайфферді қалады. Айта кетсек, актриса мансабында бұл комикс бойынша түсірілген екінші таспа. Алғашқысы – 1992 жылғы «Бэтмен қайта оралады».

«Талли» драмалық картинасы Қазақстанда 9 829 750 теңге жинағымен басталды, ал Ресейде ол 4,25 миллион рубль (kinobusiness.com мәліметтері бойынша – Ред.) жинады. Шарлиз Терон бұл фильмдегі рөл оңайға соқпады. Сыртқы келбеті жағынан кейіпкеріне ұқсау үшін зиянды тағамдарды пайдалана отырып, актрисаға 23 килограмм қосуға тура келді. Шарлиз артық салмағынан бір жарым жылдан кейін ғана арылды.

«Оушеннің 8 құрбысы» фильмінен көрініс
«Оушеннің 8 құрбысы» фильмінен көрініс

«Оушеннің 8 құрбысы» фильмі әлі де айналымда жүріп жатыр. Өткен апта оның кассасын 6 646 050 теңгеге толтырды. Жобада Кейт Бланшетт бұрын жұмыс істеген көптеген актерлармен тоғысты. Бланшетт Сара Полсонмен «Кэрол» (2014) фильмінде, ал Кэти Холмспен «Даре» (2000) картинасында бірге түскен. Сондай-ақ, Кейт Бланшет алаңда Хоббит жайлы трилогиямен бірге жұмыс істеген Ричард Армитеджбен жолықты.

«Сен жүргізесің!» комедиясы 5 712 000 теңге жинады. Алғашында басты рөлдерге Уилл Фаррелл мен Джек Блэк үміткер еді. Бірақ, сценарий өңделіп болған соң авторлар актерларды соңғы шешімге қоспады. Джон Хэмм үшін фильм Джереми Реннермен бірге жұмыс істеген екінші жоба болды. Бұрын екеуі 2010 жылғы «Ұрылар қаласына» түскен болатын.

Отандық «Инстаграмшыл қыз» комедиясы айналымдағы үшінші аптада 3 789 385 теңге жинады. Айналымдағы жалпы жинағы 55 326 535 теңгеге тең. Фильм тұсаукесері 28 маусым күні болған еді. Фильмге актер әрі продюсер Қуат Садықов түсті. Ол басты кейіпкердің жігітін сомдады. Ол бұл кейіпкерді «Q-елі» хикаясында да бейнелеген болатын.

«Суперотбасы 2» фильмінен көрініс
«Суперотбасы 2» фильмінен көрініс

«Суперотбасы 2» жинағы бесінші аптада 2 921 754 теңгені құрады. Өзінің дизайнерлік қабілетімен танылған бірқилы ханым, кейіпкер Эдна Мод – сиквелде біраз экранды уақытқа ие болды. Алайда, кейіпкердің шынайы прототипі – «Рим демалыстары» әйгілі картинасында Одри Хепбернмен бірге жұмыс істеген оскарлы костюм бойынша суретші Эдит Хэд екенін көпшілігі біле бермейді.

«Жалынды» Оңтүстік Кореялық триллері тұсаукесерлі аптада 2 003 464 теңге жинады. Фильм Харуки Муракамидің «Сарайды өртеу» әңгімесінің желісімен түсірілген. Туындыны режиссер Ли Чхан-дон экрандады. «Жалынды» картинасының әлемдік тұсаукесері 71-ші Канн кинофестивалінің байқау бағдарламасы аясында өтті, таспа ол жақта ФИПРЕССИ жүлдесіне ие болды.

Аз касса жинағандар: «Су перісі. Өлілер көлі» ресейлік хорроры - 1 599 000 теңге және «Жақындап көр» француз мелодрамасы - 1 110 400 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса