È

«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс»: Marvel блокбастерінің соңғы трейлері. Оқиғалар мен кейіпкерлер. 1 бөлім

«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс»: Marvel блокбастерінің соңғы трейлері. Оқиғалар мен кейіпкерлер. 1 бөлім

Ресми тұсаукесерге бір жарым ай қалғанда, Marvel студиясы биылғы жылдың ең маңызды фильмі - «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» картинасының соңғы трейлерін жарыққа шығарды. Тамаша трейлер фильм кейіпкерлерімен және антагонистермен болатын жағдайларды астарлап түсіндіретін көптеген маңызды элементтерге толы.

Танос пен Гамораның хикаясы кеңейтілген

Таностың (Джош Бролин) «Галактика сақшыларындағы» екі басты кейіпкер - Гамора (Зои Салдана) мен оның өгей әпкесі Небуламен (Карен Гиллан) көптеген ортақ дүниелері бар екенін білеміз. Фильмде Гамораның балалық шағына және Таностың тәрбиесіне қатысты бөлімдерге назар аударылатынын болжауға болады. Бұл жайлы Таностың кішкентай қыздың қолынан ұстап тұрған ретроспективті көрінісінен-ақ білуге болатын сияқты.

Гамора мен Небуланы Танос тәрбиелеген, олар «Галактика сақшыларында» соның агенттері болған. Олар үнемі бір-бірімен бәсекелес болуға мәжбүр, бұл екеуі үшін де қиын тәжірибе. Гамора ылғи жеңіп шығады, сондықтан Танос Небуланы одан сайын мықты қылу үшін киборгқа айналдырып жіберген. Гамора – Таносты басқа да шайқас қатысушыларымен байланыстыратын кейіпкер шығар, мүмкін. Сол кезде ғана өміріндегі жауыздың рөліне қатысты көріністің мәні түсінікті болмақ.

Дәрігер Стрэндж кіммен шайқасады екен

Танос Мәңгіліс Тастарды алу мақсатында Жерге келген соң, ол Қара орден жауыздар тобымен бірге әрекетке көшеді. Олар ғаламшарды құртып, көздеген дүниесін алуға көмектеседі. Сол жауыздардың бірі Эбони Моның жаңа трейлерде Дәрігер Стрэнджді (Бенедикт Камбербэтч) қинап жатқаны көрсетілген. Эбони Мо жоғары интеллектке ие, сондықтан кез-келген адамды өз бақылауында ұстай алады.

Комикстерде Эбони Мо адамдармен жәй ғана сөйлессе болды, олар тапсырмалары мен бұйрықтарын орындай жөнеледі. Оның эффектісі жоғары, Эбони Мо Дәрігер Стрэнджді өзіне жұмыс істетуге мәжбүрлейді, кейін барлығын жадынан өшіріп тастайды. Роликте Эбони Моның Стрэнджден Агамотто Көзі тұмарын алайын деп жатқаны көрсетілген. Бұл - бесінші Мәңгілік Тас, уақыт пен ғажайыптарды басқаруға мүмкіндік беретін жәдігер.

«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» комиксі ауқымды айналымға биылғы жылдың 3 мамырында шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер