È

«Ральф ғаламторға қарсы» және «Шерткіш пен төрт патшалық» мультфильмдері қазақ тілінде жарыққа шығады

«Ральф ғаламторға қарсы» және «Шерткіш пен төрт патшалық» мультфильмдері қазақ тілінде жарыққа шығады

Жақында отандастарымызға Walt Disney студиясының қазақ тіліне дубляждалған «Ральф ғаламторға қарсы» және «Шерткіш пен төрт патшалық» мультфильмдері көрсетіледі. Картиналар осы жылдың соңына дейін айналымға шығады. Бұл туралы Almaty Film Festival барысында өткен дөңгелек үстелде белгілі болды.

«Дисней», «Меломан» компанияларымен және Aray Media Group дубляж студиясымен серіктес болған жылдар ішінде «Дисней», Marvel және Pixar студияларының 27 фильмін қазақ тіліне дубляждадық. Осы жылдың соңына дейін көрермендерді тағы да екі тұсаукесер күтіп тұр: «Ральф ғаламторға қарсы» 22 қарашада, ал «Шерткіш пен төрт патшалық» 8 желтоқсанда жарыққа шығады», - деп бөлісті жаңалығымен «Болашақ» корпоративті қорының директоры Динара Чайжүнісова.

«Болашақ» корпоративті қорының директоры Динара Чайжүнісова
«Болашақ» корпоративті қорының директоры Динара Чайжүнісова

Орта есеппен алғанда, дөңгелек үстел барысында айтылғандай, сапалы дубляжға 150 мың долларға жуық қаржы жұмсалады екен. Жұмысқа 60-қа жуық маман кіріседі.

Қазақ тіліндегі контентті дамытуға американдық компанияның өзі қызығушылық танытуда. «Уолт Дисней Компани ТМД» бас директоры Марина Жигалова-Озканның пікірінше, Қазақстандағы дубляж жаңа деңгейге шыққан.

«Уолт Дисней Компани ТМД» бас директоры Марина Жигалова-Озкан
«Уолт Дисней Компани ТМД» бас директоры Марина Жигалова-Озкан

«Қазақ тіліне дубляждалған алғашқы фильм «Көліктер» болатын. Ол кезде дубляж өндірісі, дыбыстау әртістері болмаған. Актерларды тауып, жаттықтыруға тура келді. Қазіргі таңда Алматы мен Астанада екі кәсіби студия бар. Сонымен қатар, қазір мәтін ғана емес, әндер де дубляждалады. Дубляж – ұзақ жүргізілетін процесс. Сөздердің еріндер қозғалысымен дәл келуі және дауыстың түпнұсқаға сай болуы маңызды. Оның үстіне, барлық дауыстар фильм авторларымен мақұлданады», - деп түсіндірді Марина Жигалова-Озкан.

Еске салсақ, қазақ тіліне дубляждалған соңғы голливудтық жоба «Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» анимациясы болатын. Фильм билығы шілдеде ұсынылды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер