È

«Мұзбалақ» анимациялық фильмінің авторларымен шығармашылық кездесу

«Мұзбалақ» анимациялық фильмінің авторларымен шығармашылық кездесу

12 ақпан күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнертану» факультеті «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы және «Киноман» клубының ұйымдастыруымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өндірген «Мұзбалақ» толықметрлі анимациялық фильмінің көрсетілімі өтті.

1967 жылы алғаш жарық көрген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қысқаметрлі анимациялық фильмінен бастап, бүгінгі күнге дейін 50 жылдан астам тарихы бар, қазақ анимациясының қорына қосылған «Мұзбалақ» бүгінгі сыншы студенттердің көңілінен шықты. Екі жылдан астам уақытта дайындалған туындының хронометражы мен жарық көрген жылы өзіндік символикаға ие. Фильмнің сценарисі әрі қоюшы суретшісі Адай Әбілданың айтуынша: «1967 жылы шыққан Қарлығаш анимацияның бастауы болса, Мұзбалақ қарлығаштың трансформацияланған түрі».

Көрсетілім соңында фильмнің режиссері Тұрдыбек Майдан және қоюшы суретшісі Адай Әбілда «Өнертану» факультетінің «Кинотану», «Кинотеледраматургия» мамандыруында тәлім алып жатқан студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, еркін формада пікір алмасу жүргізді. Мұзбалақты дайындау кезінде қандай қиындықтар болды, ол қиындықтардан қалай шыққандары жайлы мағлұмат айтылды.

«Ер Төстік», «Қазақ елі» сынды толықметрлі анимацилық фильмдердің қатарын толықтырған «Мұзбалақта» осы екі фильмге тақырыптық жағынан қандай да бір ұқсастық бар. Бұл туралы студенттер: тақырыпты, оқиғаны, локацияны неге қалалық жерде өтетіндей қылып жасамасқа деген сұрақтар қойды. Өз кезегінде Тұрдыбек Майдан ондай идеяларға әрқашан дайын екенін, сценарий болса жұмыс істеп көретіндігін атап өтті.

Фильмдегі уақыт, салт-дәстүр элементтері, көркемдік тәсілдер, кейіпкер таңдау мен олардың трансформациясы туралы қойылған сұрақтарға қонықтарымыз нақты жауап берді.

Сөз соңында Адай Әбілда: «Мұзбалақ» анимацияның жаңа беті, жаңа кәсіби технологиялық, шығармашылық көрсеткішінің дәлелі,- деп қорытындылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса