È

«Қазақфильмде» «Кинематография туралы» заң талқыланды

«Қазақфильмде» «Кинематография туралы» заң талқыланды

«Қазақфильмде» «Кинематография туралы» заң талқыланды. Ресми кездесу ҚР Парламент Мәжіліс депутаттарының, Алматы мәслихатының депутаты Ислам Байрамықовтың, «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің, отандық кино қайраткерлердің және «Қазақфильм» президенті Бақыт Қайырбековтың қатысуымен өтті.

Кездесу барысында қатысушылар отандық кинематографтың міндеттері мен мақсаттарын, қазіргі жағдайы мен даму сатысын талқылады. Рүстем Әбдірашов жаһандану кезеңінде де ұлттық киносын сақтап қалған Болгария мен Венгрия елдерінің тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов және кинодраматург Смағұл Елубай әлеуметтік маңызы бар картиналардың мемлекет тарапынан қолдауға ие болу қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, кинематографшылар еліміздегі кинематография кешенінің өркендеуіне үлес қосатын «Қазақфильмнің» маңыздылығын атап кетті.

Депутаттар өз кезегінде заң аясындағы ұсыныстар мен пікірлердің ескерусіз қалмайтынын айтты.

Қазіргі таңда «Кинематография туралы» заң Парламентте қарастырылып жатыр.

 

 

 

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер