È

Балалардың қуанышына

Балалардың қуанышына

Халықаралық бададарды қорғау күніне орай ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арнап «Қазақ елі» мультипликациялық фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Балармен бірге мерекені «Казахфильм» АҚ және «Bekmambetov Cinema 3D» кинотеатры бөлісті.

Кішкентай көрермендер тарихи кейіпкерлер Жәнибек және Кереймен танысып қана қоймай, ежелгі қалалардың ғаламатын 3D форматы арқылы тамашалады. Hardees балаларға тәттілер сыйлады, кішкентайлардың қуанышында шек жоқ,

№2 балалар үйінің тәрбиелеушілерінің айтуынша, балалар кинотеатрларға сирек барады. Олар бұл жолы отандық мультфильмді қызығушылықпен тамашалады.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақ елі" анимациялық фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілді.

Жобаның режиссеры - Батырхан Дәуренбеков. Сценарий авторлары: Бақытжан Кұлжабай, Батырхан Дауренбеков, Сағиділда Үсіпәлиев. Лента 8 ай ішінде 35 маманнның қатысуымен жарық көрді.

Тақырып бойынша:

В Алматы и Астане презентован мультфильм «Қазақ елі»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әнуар Нұрпейісов

Актер

Төлеген Байтөкенов

Актер