È

XIV Қазан кинофестивалінде Қазақстанның ұлттық киносы кең көлемде ұсынылады

XIV Қазан кинофестивалінде Қазақстанның ұлттық киносы кең көлемде ұсынылады

2018 жылдың 5 қыркүйегінде XIV Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалі басталады. Кинокөрсетілім Татарстан астанасы Қазан қаласында өтеді және 11 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысуға өтініштер әлі де қабылданып жатыр.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар екі елдің: Қазақстан мен Қырғызстанның ұлттық кинематографын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Фестивальге қырғыз киносы өкілдерінің: продюсер Айбек Ибраев, театр және кино актері Марат Жантелиев және режиссер әрі сценарист Эрнест Әбдіжапаровтың қатысатыны белгілі болды. Кинокөрсетілім аясында Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығына орай ретроспективті фильмдерге арналған бөлім ашылады.

Америка кинематографы да шет қалмайды. Форумның арнайы қонағы «Шайқас алаңы» таспасы болмақ, фильмге белгілі режиссер Оливер Стоунның ұлы - Шон Стоун түскен. Алғаш рет жапон фильмдеріне бөлек бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ, Халықаралық «Түркі әлемі» деректі кинофестивалінің және Асуан әйел киносы кинофестивалінің қатысушыларына да ерекше назар аударылады.

«Шайқас алаңы» фильмінен көрініс
«Шайқас алаңы» фильмінен көрініс

ҚХМКФ 2005 жылдан бері Татарстан Республикасы мәдениет министрлігі және Ресей муфтилер кеңесімен өткізіліп келеді. Жыл сайын фестиваль бағдарламасына әлемдік кинематографтағы үздік жұмыстары іріктелініп алынады. Былтырғы жылы қатысуға 61 елден 780-нен астам өтініш келген болатын.

Еске салсақ, XIII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінде «Үздік актер» аталымын Дулыға Ақмолда («Оралман») иеленген еді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер