È

Дулыға Ақмолда XIII Қазан мұсылман киносы кинофестивалінде үздік актер атанды

Дулыға Ақмолда XIII Қазан мұсылман киносы кинофестивалінде үздік актер атанды

Отандық театр және кино актері Дулыға Ақмолда XIII Қазан мұсылман киносы кинофестивалінде ерекше аталып өтті. Ол режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильміндегі рөлі үшін «Ойнамалы толықметражды киноның үздік актері» номинациясын жеңіп алды.

Қазан кинофестивалі 5-11 қыркүйек аралығында Татарстан Республикасы, Қазанда өткен. Фестивальдің байқау бағдарламасында 60 картина таныстырылды. Толықметражды ойнамалы фильмдер бөлімінде отандық таспаға Бангладеш, Венгрия, Египет, Иран, Индия, Нигерия, Ресей, Тәжікстан және Түркия елдерінен келген 9 жұмыс бәсекелес болды. «Үздік фильм» басты номинациясын түрік режиссері Мұстафа Қараның «Каландар ызғары» картинасы, ал «Үздік әйел рөлі» жүлдесін «Әйелдер күні» фильмінің бірден үш актрисасы: Нелли Карим, Нахед Эль Себа және Ильхам Шахин жеңіп алды.

«Оралман» фильмінен көрініс

Айта кету керек, бұл «Оралманның» бірінші жүлдесі емес. Картина биылғы жылдың сәуір айында «Фаджр» халықаралық кинофестивалінде «Үздік азиаттық фильм» номинациясын жеңіп алды.

Еске сала кетсек, Қазан кинофестивалінің байқау бағдарламасына Қазақстаннан жас режиссер Берік Жахановтың «Еркек» қысқа метрі қатысқан болатын.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер