È

«Рауан» драмалық хикаясының түсірілімі басталды

«Рауан» драмалық хикаясының түсірілімі басталды

Қоюшы-режиссер Санжар Омаров продюсер Гүлнұр Мамасариповамен бірге «Рауан» хикаясының түсіріліміне кірісті. Шығармашылық тандем бұрын көрермен назарына бір ананың оқиғасын баяндайтын «Ана жүрегі» хикаясын ұсынған болатын, ал жаңа теледраманы топ өзінің ең алғашқы махаббатын жолықтыратын балалар үйінде тәрбиеленген бойжеткенге арнамақ.

Картинадағы оқиға балалар үйінде тәрбиеленген, жақында түрмеден шыққан бойжеткен Рауанның айналасында өрбиді. Қыздың Дина мен Қанат есімді достары бар, олардың да өмірі оңай емес еді. Бірақ, қиындыққа қарамастан үштік мойымай, өмір сүруді жалғастырады. Кейін Рауан Ерболат есімді журналистпен танысады. Кейіпкерлер арасында сезім пайда болады.

«Ең алдымен бұл адамның күші жайлы хикая. Адам егер шын қаласа, барлығын жасай алады. Тіпті, ол кішкентай нәзік қыз болса да... Бұл хикая өмір сені қанша жерден сүріндірсе де, берілмей, алға жылжу керектігі жайлы. Өзгертуге болмайтын дүниелер бар, бірақ төзуге болмайтын дүние жоқ», -деді драма идеясы туралы режиссер әрі сценарий авторы Санжар Омаров.

Рауан рөлін дебютант қыз Асылтас Аяп сомдайды, ал кейіпкердің достары Дина мен Қанатты жас актерлар Медина Жалғасова және Данияр Әріпов ойнайды. Сондай-ақ, хикаяға Жандос Айбасов, Лейла Бекназар-Ханинга, Шәріп Серік және Әдемі Сүлейменова түседі.

Көпбөлімді таспаның түсірілімі Алматы мен Алматы облысында, Жауғашты ауылында және Астанада өтіп жатыр. Картинамен қоюшы-оператор Қаршыға Оспанов, қоюшы-суретші Батыр Есқалиев айналысуда. Фильм әуенін композитор Ринат Гайсин жазып жатыр.

«Рауан» хикаясы Qazaqstan телеарнасының тапсырысымен өндірілуде.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер