È

«Отыңды өшірме» хикаясының түсірілімі басталды

«Отыңды өшірме» хикаясының түсірілімі басталды

Алматыда «Отыңды өшірме» атты хикаяның түсірілімі басталды. 20 бөлімді драманы Qazaqstan телеарнасының тапсырысы бойынша Nar Media Group студиясы түсіреді.

«Отыңды өшірме» - сценарийін Мұрат Алмасбеков жазған патриоттық драма. Фильмнің режиссері ретінде Төлеген Бейсет жұмыс істейді. Картина түсірілімінің қоюшы-операторы - Асылхан Мелдебеков, қоюшы-суретшісі- Мақсат Жасұзақ және дыбыс режиссері - Асхат Жақыпов. Жобаның продюсері – Нартай Өтегенов.

Хикаяға Ерғұлан Жанпейісов, Назерке Өмірова, Ғани Құлжанов, Ақниет Орынтай және басқа да актерлар түседі.

Айта кетейік, бұл Nar Media Group-тың екінші телевизиялық жобасы. 2017 жылы студия 4 бөлімді «Иірім. Ана қадірі» хикаясын түсірген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер