«Есірткі тасымалдаушы»: Клинт Иствуд таң қалдыруға дайын

Warner Bros. студиясы режиссер Клинт Иствудтың («Парижге бағытталған пойыз», «Гудзондағы ғажайып») «Есірткі тасымалдаушы» қылмыстық драмалық триллерінің алғашқы трейлерін таныстырды. Сонымен қатар, Иствуд жеке фильмінде басты рөлі сомдайды, мұндай жағдай жиі бола бермейді, соңғы рет америкалық кинематографтың бұл тірі аңызы 10 жыл бұрын «Гран Торино» жеке жобасында төбе көрсеткен еді.
«Есірткі тасымалдаушыда» Иствуд 80 жасар шал Эрл Стоун рөлінде көрінеді, ол мексикандық картельде есірткі тасымалдаушы болады. Хикая Екінші дүниежүзілік соғыстың американдық ардагері Лео Шарптың өміріндегі шынайы оқиғаларға негізделген. Бұл жобада Клинт Иствуд экрандағы басты рөлін соңғы рет сомдауы мүмкін. Триллерде екінші қатардағы рөлдерді бұрын Иствудтың «Мергеніне» түскен Брэдли Купер («Жұлдыз дүниеге келді», «Қарулы жігіттер»), Дайэнн Уист («Мен - Сэммін», «Эдвард қайшы-қолдар») және Майкл Пенья («Өркениеттің күйреуі», «Құмырсқа адам және сона») сомдады.
«Мен нашар әке мен жаман күйеу болдым. Отбасы – өмірдегі ең маңызды дүние. Менің жасағанымды қайталамаңыздар», - дейді трейлерде кадр сыртындағы Клинт Иствудтың дауысы.
«Есірткі тасымалдаушы» триллері 2018 жылдың 28 ақпанында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін