È

Қазақстан кинемотографиясындағы зорлық-зомбылық

Қазақстан кинемотографиясындағы зорлық-зомбылық

Қазіргі таңда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету (криминалдық немесе отбаслық болсын) әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Әлемдегі рейтингі жоғары агенттіктердің мәліметінше, соңғы онжылдықтарда зорлық-зомбылық бірнеше есеге көбейіп кеткен. Осыған орай әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдардың белсенділігі арта түсті. Әлемнің әр елінен жиналған феминистер өздерінің саяси, азаматтық, құқықтарын, қоғамдық мүмкіндіктерін талап ете бастады. Өкінішке орай, ешбір елді зорлық-зомбылық мәселесі айналып өтпейді. Ежелгі заманнан бері Шығыс мемлекеттері әйел құқығы мәселесіне автаритарлы көзқараста. Дегенмен заман ағымына қарай, кейінгі кезде әйел теңсіздігіне қатысты фильмдер түсіріле бастады. Бірақ біздің елде әлі де әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету, теңсіздік тақырыбында фильмдер түсіру көңілге аса жағымды емес. Сондықтан болар әйелдердің қорлық көргені туралы фильмдер бізде саусақпен санарлық. Осы өзекті мәселеге түсірілген фильмдерді назарларыңызға ұсынамыз.

«Шолпанның күнәсі» фильмінен кадр

Болат Шәріптің «Шолпанның күнәсі» (2005 жыл) фильмінде бір қарағанда бәрі тамаша: жас ару шолпан мықты дағ батыл жігіт Сәрсенбайға тұрмысқа шығады. Мәселе келіншектің бала сүйгісі келмеуінен басталады. Егер арада бала болса, күйеуінің өзіне деген сезімі суып қалады деп ойлайды. Бас кейіпкер өзінің күнәсін ұзақ жасырады, бірақ ең соңында Сәрсенбай әйелінің басқа біреуден бала сүймек болғанын біліп қойып, қатты ашумен оны өлтіріп қояды. Ең қорқыныштысы, ауыл адамдардың бірі Шолпанды кіналайды, оған тіпті ара түспейді.

«Қарой» фильмінен кадр

Жанны Исабаеваның «Қарой» фильмі күйзелісті өмірді суреттейді. Фильмдегі бас кейіпкер. Азат өте нащар, адамгершіліг жоқ, таяз адам. Оны тіпті адам деуге ауыз бармайды. Қолы тигеннің бәрін қиратып, қаншама тағдырды өксітті. Ол өте қатігез адам. Осындай адамның әйелдерге зорлықты да, қорлықты да көрсететіні белгілі, ол әйелдерді ұрады, ойына келгенін істейді. . Ең соңында ол өзінің анасын мертқылады. Бұл көркем фильм болғанымен, астарында шындық та бар.

«Тоқал» фильмінен кадр

Продюсер әрі актриса Гаухар Нұртас «Тоқал» картинасында әйел теңсіздігі тақырыбын қозғайды. Қазақтың «тоқал» деген сөзі екінші әйел дегенді білдіреді. Ежелгі қазақтың салтында ер адам бірнеше әйел алатын болған. Еркектің бірнеше әйел алу мәселесі күні бүгінде дейін қызу талқыланып жүрген тақырып. Кейбіреулер тоқал алуды қолдайды, енді біреулер бұл салтты сынап, әйелдердің намысын таптайтын ескіліктің жабайы көрінісі деп есепатейді. Гаухар Нұртас өз фильмінде екінші әйелдердің мұңын жеткізді.

Кадр «Келинка Сабина»

Нұртас Адамабайдың «Келинка Сабина» фильмі комедия болғанымен, мұнда да шындықтың үлесі бар. Режиссер мәселені ирониямен көрсеткен. Қазақстандағы тұрмысқа шыққан қыздардың отбаслық өмірінің теріс жақтарын, ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың қиындықтарын баяндайды. Режиссердің өзі сұқбаттарының бірінде қазақтың тағы бір салты "алып қашуды" күлкіге айналдырып, сынағанын айтқан болатын ( «алып қашу» қалыңдықты ықтиярынсыз ұрлау). Алып қашуға кейбір қыздар қарсы емес. Қазақстанның кейбір өңірлерінде алып қашу екі жастың келсімімен жүзеге асады. Алайда осы бір салттың кесірінен қыздың тағдыры талқан болған оқиғалар да кездеседі.

Кадр «Загнанная»

Қазақстан кинемотография таризында ең фкминисті кинолента - Сапар Толегеннің «Қамау» фильмі. Басты рөлде Мақпал Исабекова. Белгілі әнші, енді актриса фильмде спорттық, актерлық, эмоционалдық қабілетін тамаша көрсетті. Сюжет бойынша бас кейіпкерді күйеуі өлімші етіп сабап, өлсе-өлсін дегендей тастап кетеді. Әйел әрең тірі қалады, есін жиғаннан кейін күйеуінен кегін қайтармақ болады. Фильм жоғары деңгейдегі көркемдікпен түсірілмеген, бірақ мұнда әйелдердің тағдыры үшін қиналу, ыза-кек сезімдері бар.

Шындық біреу ғана және өте қарапайым, әйелдерді бағаламасаң, қазіргі еркін, демокартиялы, тең құқылы қоғамда, алға баса алмайсың. Мәселені шешу үшін біз теңсіздікт туралы ашық айтуымыз керек, фильмдер де түсіруіміз керек. Өйткені ешбір мәселе өздігінен шешілмейді.

 

Бағлан Құдайберлиев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса