È

Қашып құтыла алмайтын қақтығыс

Қашып құтыла алмайтын қақтығыс

Қазақстандық прокаттың көшін бастаған Blue Sky Studios және 20th Century Fox компаниясының «Ледниковый период: Столкновение неизбежно» анимациялық фильмі. Кассалық жиыны - 34 461 510 теңге. Франшизаның бесінші бөлімі соңғы болады делінген болатын.

Екінші орында «Полтора шпиона» атты америкалық комедиясы, оның табысы 8 605 390 теңге. Әлемдік прокаттың екі аптасында мектеп оқушылары туралы шытырман оқиға 160 миллион доллар табыс әкелді.

«До встречи с тобой» мелодрамасының табысы екі есеге азайды. Басты рөлде Эмилией Кларк ойнаған картина 6 712 300 теңге пайда түсірді.

«До встречи с тобой» фильмінен кадр

Dark Horse Comics компаниясының комиксінің негізінде түсірілген «Тарзан. Легенда» прокаттың үшінші аптасында 5 617 850 теңге тапты

Көшбасшылардың бестігін қорытындылайтын «Отмель» фильмі, оның кассалық жиыны 4 744 900 теңге. Шынайы акуланы жасап шығару үшін түсірілім тобының мың сағаты кеткен: жыртқыштың әр тыртығы мұқият сызылған.

«Свадебный угар» комедиясының квартеті қоржынға 4 377 920 теңге пайда түсірді. Комедия актер Зак Эфронның 2016 жылғы үшінші фильмі, бұған дейін «Дедушка легкого поведения» және «Соседи на тропе войны 2» фильмдері шыққан.

«Большой и добрый Великан» картинасының табысы 3 147 150 теңге. Экрандаған Paramount студиясы, сценарийін жазған - ерлі-зайыптылар Николас Казэн және Робин Суикорд.

«Проклятые. Противостояние» фильмінен кадр

Эпикалық хоррор-франшиза «Проклятые. Противостояние» қазақстандықтарды аса қызықтыра алмады, табысы бар-жоғы 1 774 350 теңге, үздік бестікке ене алмады. Лента «Фредди против Джейсона» фильмінің жетістігін қайталай алмады, оның әлемдік табысы 114 миллион доллар.

Антиутопия Дрейк Доремустың «Равные» фильмі 1 163 000 теңге табыс әкелді. Кейіпкер Нидің рөлін Дженнифер Лоуренс, орындауы мүмкін еді, бірақ актриса өзін рөлде көре алмайтындығын айтып, бас тартты. о

Миллионға жете алмағандар: «В поисках Дори» анимациясы - 744 300 теңге, «Иллюзия обмана 2» - 661 200 теңге, «Заклятие 2» - 563 800 теңге, «День независимости: Возрождение» - 475 700 теңге. Табысы төмендер: «Гения» - 297 400 теңге, «Мобильник» - 99 400 теңге, «Иди со мной» - 40 600 теңге.

 

Тақырып бойынша:

Қаржылай тәуелсіздер

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер