Сәбит Құрманбековтың жаңа жұмысы «Оралман»
Қазақстандық режиссер, сценарист, суретші әрі актер Сәбит Құрманбеков «Оралман» деп аталатын картина түсірді. Өзінің тқртінші толық метрі туралы режиссер «Білім және мәдениет» телеарнасындағы «Наше кино» бағдарламасындағы сұқбатында әңгімелеп берді.
«Суета», «Секер» және «Поздняя любовь» секілді фильмдерді түсірген режиссер бұл жолы өзекті мәселелердің бірі иммигранттар тақырыбын қозғады.
«Оралман» Ауғанстаннан өздерінің тарихи отаны Қазақстанға көшіп келген бір отбасының оқиғасын баяндайды.
Фильм сценарийн Нұрлан Санжар жазды. Режиссердің айтуынша, сценарий о баста өзінің түп-тамырын іздеген оралман туралы болған. Кейіннен Құрманбековтың өтінішімен өзгерістер енгізілді. Осылайша «Оралман» фильмінің ерекше сценарий пайда болды.

«Оралман» фильмінен кадр
Кинематографистің айтуынша, оралмандардың тақырыбы оған жақсы таныс.30-ыншы ашаршылық жылдары оның әулетінің жартысы Қытайға өтіп кетіп 60-жылдары қайта оралды. Осы бір өзіне қатысты оқиға оның оралмандар туралы картина түсіруге себеп болды.
Режиссер сондай-ақ картинаның сюжетінің кей тұстары Шыңғыс Айтматовтың шығармасына ұқсайтынын да айтып өтті.
Қазір кинолента пост-продакшн кезеңінде. «Оралман» фильмі жақын аралықта кең прокатқа шығадып деп үміттенеді Сәбит Құрманбеков.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін