Жаңажылдық музыкалық комедия «Навстречу мечте»
Ұлттық Олимпиада комитеті Ұлттық Паралимпиада комитетімен бірлесіп қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтауды ұйғарыпты. Сыйлық ретінде көрермендерге «Навстречу мечте» деп аталатын спорттық-музыкалық комедиясы ұсынылады. Фильмнің өндірісімен «АюСинема» кинокомпаниясы айналысты. Алайда режиссерлық кресло украиналық маман Константин Онищенкоға бұйырыпты. Қоюшы-операторы Азамат Дулатов.
Жаңа жылдық фильм «Навстречу мечте» отандық спортсмендерге, Олимпиада ойындарының триумфаторына арналады. Картина жаңа жылдық түні Санжар деген жігіттің басынан өткен оқиға жайлы. Ер бала өзінің кумирі боксер Василий Левитке өзі қолынан жасаған алтын медальды ұсынғысы келеді. Бір қарағанда мүмкін емес көрінгенмен, арманы жүзеге асады. Ең бастысы жаңажылдық ғажапқа сену керек.
«Бұл жобаның өзіндік ерекшеліктері бар: өте қызықты оқиға, актерлық құрамы да ерекше, әрине, ғажап музыка. Мен фильмде қазақстандық әріптестеріммен бірге жұмыс істедім, керемет әсер алдым. Біз фильмнен өзімізге ортақ толқынды ұстай алдық. Көрермендер барлық жобаға қатысқан түсірілім тобының еңбегін бағалайды деп сенемін. Бір нәрсені анық айта аламын: қазақстандықтарды мейірмді, сиқырға толы жаңажылдық оқиға күтіп тұр», - дейді Константин Онищенко.
Фильмдегі басты кейіпкерлер отандық спортшылар Данияр Елеусинов, Василий Левит, Дмитрий Баландин, Серік Сапиев, Зульфия Габидуллина, Елдос Сметов, Жазира Жаппарқұл, Гюзель Манюрова, Бақтияр Артаев, Ниджат Рахимов, Александр Винокуров және басқалар.
Олимпиадашылармен бірге қазақстандық актерлер мен эстарада жұлдыздары да қатысты: жас актер Ермұрат Өтепбергенов, Ерболат Тоғұзаков, Төлепберген Байсақалов, Әсел Ақбарова, Шәріп Серік, Дарья Александрова, Роза Рымбаева, Дильназ Ахмадиева, Нұрлан Абдуллин, сондай-ақ КешYou, RinGo және «Орда» топтары, басқа да әртістер.
Спортты-музыкалық комедия жаңа жыл қарсаңында «Хабар» арнасынан көрсетіледі.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін