È

Нұрлан Батыров: «Режиссер болу мақсатыма қарай қадам басудамын»

Нұрлан Батыров: «Режиссер болу мақсатыма қарай қадам басудамын»

Танымал вайнер Нұрлан Батыров және режиссер Нияз Әбдіғапар «Проявление» атты қорқынышты фильмінің тұсауын кесті. Картинадағы оқиға фотограф бойжеткен аясында өрбиді, ол бір түрлі тылсым құбылыстармен бетпе-бет ұшырасады.

Дебютті толық метр түсіріліміне Нұрлан Батыров ұзақ жылдар бойы дайындалған. Көмек аяқ астынан келген: «Мұрагерлікке қалған махаббат» комедиясының түсірілімінен соң режиссер Нияз Әбдіғапар Нұрланға бірігіп кино түсіруді ұсынады. 2017 жылдың көктемінде топ түсірілімге кіріседі.

«Бес жыл бұрын «Үй» атты қысқа метр түсірдім. Кейін Нияз фильмнің толықметражды нұсқасын түсіруді ұсынған кезде, келісе кеттім. Барлығы мені әзілкеш ретінде таниды, менің драма мен қорқынышты фильм бағытында жұмыс істейтінімді ешкім күтпеген-ді. Негізі, мен корейлік және жапондық қорқынышты фильмдерінің жанкүйерімін. Алғашында, вайндарымның мақсаты режиссура болатын. Кейін, режиссер болу арманыма қарай келе жатқанымды сезіндім. «Проявление» - қабілетімізді көрсететін тәжірибе, сол арқылы әрі қарай түсіруді жалғастыратынымыздың «иә, жоқтығын» білетін боламыз», - дейді қосалқы режиссер әрі сценарий авторы Нұрлан Батыров.

Жанел Мақажан мен Нұрлан Батыров «Проявление» фильмінің тұсаукесерінде

Отандық хоррор кейіпкерлерін Жанел Мақажан, Марат Әбішев, Дина Тасболатова және Лина Сұлтанова сомдады. Көпшілігі ойлағандай, актерлар қорқынышты фильмге түсудің оңай еместігін жеткізді.

«Түсірілім алаңында мен екі күн ғана болдым. Қысқа ғана уақытта рөлге еніп, кейіпкерімді зерттеп, хикаясын түсінуге тырыстым. Ойымды жинақтадым деп ойлаймын. Эмоционалды көріністер көп болды. Бірақ, Жанел Мақажанмен бірге ойнаған ортақ көрініс маған қатты ұнады. Сол уақытта Жанелмен ерекше байланысты сезіндім. Сол көріністен кейін екеуіміз құшақтастық», - деп бөлісті әсерлерімен Дина Тасболатова.

Авторлардың айтуынша, кинотаспа түсіріліміне 50-60 мың доллардай қаржы жұмсалған.

«Проявление» қорқынышты фильмі 14 ақпаннан бастап айналымға шығады.

 

Превью: Зухра Табаева

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

31 января 2018, 10:15

Молодец!

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер