È

Нұрлан Қоянбаев «Қазақша кәсіп» фильмінің жалғасын түсірмек

Нұрлан Қоянбаев «Қазақша кәсіп» фильмінің жалғасын түсірмек. Қазақстан киносы

Продюсер Нұрлан Қоянбаев «Қазақша кәсіп» («Бизнес по-казахски») комедиялық фильмінің жалғасын түсіруді ұйғарды. Продюсер фильмнің екінші бөлімін «Америкадағы қазақша кәсіп» («Бизнес по-казахски в Америке») деп атап, «Kazteleproduct» кинокомпаниясымен бірге басты әйел рөліне кастинг жариялады.

Кастингке қазақ және ағылшын тілін білетін, түсірілімде тәжірибесі бар 20-25 аралығындағы қыздар қатыса алады. Үміткерлерге қойылатын тағы бір талап – бойы 165-170 см. болу тиіс. Үміткер кастингке қатысу үшін сауалманы, суретін (бояусыз, басынан аяғына дейін түскен) және бейнежазбасын kzteleproduct@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтарға «Қазақша кәсіп» комедиясының бірінші бөлімі ұсынылған еді. Кинотаспа Нұрлан Қоянбаевтың продюсерлік, Жеңісхан Момышевтың режиссерлік дебюті болған-ды.Фильм тұсаукесерлі аптада 130 миллион теңге көлемінде табыс тапқан. Ал жалпы жинағы 300 миллион теңгені құрады. «Қазақша кәсіп» айналымға 48 күн шықты.

Продюсер Нұрлан Қоянбаев жаңа комедиялық таспасының сюжетін әзірге құпия ұстауда. Дегенмен, жобаның сценарий жазушыларының есімдері белгілі болды. Олар - Сәбит Рахымбаев пен Әуез Әуезов.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

4 тамыз 2017, 14:17

молодец. Вместе с Адамбаевым 2 отличных примера: от КВНа до большого кина.

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер