È

Нұрлан Қоянбаев «Қазақша кәсіптің» үшінші бөлімін түсіреді

Нұрлан Қоянбаев «Қазақша кәсіптің» үшінші бөлімін түсіреді

Продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаев «Қазақша кәсіптің» үшінші бөлімінің түсіріліміне дайындықты бастап кетті. Отандық кино тарихындағы ең кассалы фильмнің жалғасы Африка мен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында түсіріледі деп жоспарлануда.

«Қазақша кәсіп» жобасы кәсіпкер Жомарттың хикаяларын баяндайды. Ер азаматтың қаланың сыртында қонақ үйі бар, ал қарамағында туысқандары жұмыс істейді. Түпнұсқа фильм 2016 жылы жарыққа шығып, көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, авторлар жалғасын түсіруді ұйғарады. Екінші бөлімі – «Қазақша кәсіп Америкада» түсірілімі Лос-Анджелесте американдық актерлардың қатысуымен өтті. Таспа былтырғы жылы айналымға шығып, 550 миллионнан астам теңге жинады да, ең кассалы отандық жоба атанды.

Жаңа бөлімнен көрермендер қайтадан Нұрлан Қоянбаевты, Жан Байжанбаевты, Рамазан Амантайды, Дариға Бадықованы, Гүлназ Жоланованы және Қажет Смағұловты көре алады.

Фильм режиссері Анвар Матжанов болады, ол жақында «Гудбай, мой бай!» картинасының түсірілімін аяқтаған. Фильм сценарийін Сәбит Рахымбаев жазды.

Комедия түсірілімі жақын арада басталады.

Превью: hommes.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер