È

Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахски» толық метріне продюсерлік етті

Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахски» толық метріне продюсерлік етті

Продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски» толықметражды фильмі желтоқсанда жарық көреді. қоянбаев үшін бұл толық метрдегі дебюті.

Шығармашылық топ

«Бизнес по-казахски» фильміне келуіміздің өзі ұзаққа созылды: батылымыз да, уақытымыз да жетпеді. О баста бізде екі дайын сценарий болды, солардың ішінен «Бизнес по-казахски» фильміне тоқталдық. екінші картианының сюжеті бюойынша оқиға екі елде: Қазақстанда және Францияда өтеді. Сондықтан оны кейінге қалдыра тұрдық», - дейді фильмнің бас продюсері.

«Бизнес по-казахски» комедиясының атауының өзі фильмде әр қазақстандыққа түсінікті жергілікті әзілдің болатынынан хабардар етеді.

Лентаның түсірілім Алматыда және Алматы облысында өтті.

Сценарий авторлары: Әлішер Утев, Арыстан Каунев, Нұрлан Қоянбаев. Фильмнің режиссеры дебютант Жеңісхан Момышев. Нұрлан Қоянбаев неге тәжірибелі қоюшыны емес, жаңа бастап келе жатқан режиссерды таңдағанын былай түсіндіреді:

«Маған еті тірі, әрі шыншыл адамдар ұнайды. Бұл Жеңісханның алғашқы фильмі болса да, мен қатты қобалжыған жоқпын. Біз бір-бірімізге көмектестік. Мен үшін ең алдымен адамның ісіне деген көзқарасы маңызды. осындай адамдармен бірдеңе шығаруға болады».

Кино және телевидение

«Бизнес по-казахски» фильмі продюсерінің айтуынша, кино мен телевидение қоғамға қатты әсер етеді. Сондықтан шығармашылық адамдар ел мәдениетінің қалыптасуына өз үлесін қосады.

«Қазақстанда қомақты касса жинау мүмкін емес. Өйткені бізде халық саны аз, кинотеатрлар жетіспейді. Фильмнің өндірісіне бизнес ретінде қарау – тәуекелге бару деген сөз. Егер біздің мақсатымыз пайда табу болса, онда біз локацияларды қысқартар едік, шетелдік әртістерді шақырмаған болар едік. біздің комедияда бір емес алты бас кейіпкер бар. Фильмнің идеясының өзі арзан емес. Қонақ үй бизнесі ұсақ-түйегіне дейін ірлеуді талап етеді. Осы картинамен көп табыс табамыз деп ойламаймын, ең бастысы біз жанымызды салып жұмыс істедік», - дейді Қоянбаев.

Шетелдік жұлдыз

Фильмде үнді актеры ойнайды, ол отандық көрермендерге «Келин» («Невестка») сериалы арқылы танымал Сиддхартх Шукла.

«Сценарий бойынша бізде шетелдік инвестор бар. Біз оның кім болатынына көп ойландық. Түсірілім алдында мен Сиддхартхпен телефон арқылы сөйлестім, жақында фильм түсіруге кірісетінімізді айттым. ол өзінің Қазақстанда жұмыс істеп көргісі келетінін айтты. Біздің артинамызға қатысқанына қанша қаламақы алатынын сұрадым. Сиддхартх қазақстандық актерлер сұрайтын көлеидегі қаламақы сұрады», - дейді картина продюсері.

Сериал сұрағы

Айта кету керек, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев «Базарбаевтар» сериалына продюсерлік еткен. Үлкен кино әлеміне қадам басқан продюсер сериалдарды да қалдырмақ емес. оның ойынша сериалдар ең бастысы өзекті болуы керек.

«Қазір өмірлік оқиғалар, актерлердің шынайы ойыны қажет, правдивая игра актеров. Қазір көбі қазақ тілінде сериал түсіруді мақсат етеді. Филологтар мәтінді құрастырады, ал актерлер кадрда тура соны дыбыстайды. эукарнда бұл өте құрғақ көрінеді, өйткені біз өмірде олай сөйлеспейміз. Сөз арасында басқа тілдің сөздерін де қосып жіберетін кездеріміз болады, өйткені көұлтты мемлекетте тұрамыз. Сериал түсірушілер осны ескеру керек. шеберлік еңбекпен, қиындықтармен келеді», - дейді Нұрлан.

«Бизнес по-казахски» фильміне оралсақ, Қоянбаевтың ерекше атап айтқаны, картинаның мақсаты – көрерменге мереке сыйлау.

Комедияда Нұрлан Қоянбаев, Гүлназ Жоланова, Жан Байжанбаев, Әбунасыр Серіков және тағы басқалар ойнайды.

«Бизнес по-казахски» картинасының тұсаукесері 2016 жылдң желтоқсанында.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлепберген Байсақалов

Актер