Нұрлан Қоянбаев ғарышқа қазы жіберетін еді

Продюсер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев мүмкіндігі болса, ашық ғарышқа қазы жібергісі келетінін жасырмады. Ол «қазақстандық арманға» қатысты пікірін «Әзизбен әңгіме» бағдарламасында айтып берді.
«Мен ғарышқа қазы жіберетін едім. Біздің «отаңдық өніміміз» де ұшып, бір пиар болсыншы. Негізі, «үнді», сингапур» немесе «қазақ» арманы деген нәрсе болмайды. Әр елдегі адамдар бірдей: барлығының болашаққа алаңдамай өмір сүргісі келеді, балаларына алаңдайды, айналасында тыныштық орнап, қолынан келгеннің барлығын жасауға тырысып бағады. Біз бұл жақта америкалық қоғам құра алмаймыз. Бізде барлығы басқаша. Біз өз дүниемізді жасауымыз керек. Дәл нақты не екенін айта алмаймын. Оған бір-бірімізбен әңгімелесіп, хабарласып қана келетін шығармыз», - деп бөлісті пікірімен Нұрлан Қоянбаев.
Ол сондай-ақ, «ұят» түсінігінің 80% артық және 20% кемшілік екенін атап кетті, себебі адамдар кейде тым әсірелеп жібереді.
Еске сала кетсек, Қоянбаев «Қазақша кәсіп», «Қазақша кәсіп Америкада» және «Таиландтағы демалыс» атты үш картинаға продюсерлік еткен болатын. Ол жылдың басында өзін толықтай киноөндіріске арнау үшін Qazaqstan телеарнасының бас директоры және «Түнгі студия» танымал шоуының жүргізушісі қызметінен кеткен еді.
Нұрлан Қоянбаевпен болған толық сұхбатты төмендегі бейнежазбадан көріңіздер.
.jpg)







2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
15 апреля 2018, 23:51Да, если это он пошутил, то нормально. Чтобы привлечь СМИ, это точно пиар. А если он пошутил это не удачно, то думаю, он просто еще не понял свою ошибку. Он просто разлив народ нашим отечественным блюдом.
Maxim Bogomolov
24 апреля 2018, 19:34Казы тема!