È

Нұрлан Сабуров «Брат или брак?» отандық фильміне түседі

Нұрлан Сабуров «Брат или брак?» отандық фильміне түседі. Қазақстан киносы

Ресейлік «Stand up» шоуының танымал резиденті Нұрлан Сабуров өзін актер ретінде сынап көрмек. Ол бұрыннан бері армандап жүрген жоспарын отандық режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Брат или брак?» фильмі арқылы орындайтын болады.

Нұрлан Сабуровтың айтуынша, ол киноға бұрыннан бері түскісі келген, тек лайықты жоба болмай жүрген екен. Алайда, әртіс «Брат или брак?» комедиясының сценарийін оқығаннан кейін, киноға түсуге бірден келісімін берген. Нұрлан картинада әке мен баланың, аға мен қарындастың қарым-қатынасы көрсетілетінін, жалпы, әр көрермен өзіне қажетті дүниені таба алатынын айтып өтті.

Картинаның басты кейіпкері Гаухар тұрмысқа шыға алмай жүреді. Оған басты себеп – ағаларының шектен тыс өбектеуі. Дегенмен, ақ боз атты ханзаданың бары рас қой. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір Гаухардың да жүрегін жаулап алатын, қатал туыстарының да көңілінен шыға білетін жігіттің табылатыны белгілі.

Естеріңізге сала кетсек, фильм - «Жаужүрек мың бала», «Аманат» және «Бизнес по-казахски» картиналары арқылы танымал актриса Құралай Анарбекованың продюсерлік жобасы. Оның алдында актриса «Алтын ұя» мен «Дуэт» хикаяларының продюсері болған. Комедиялық таспаның сценарийін Әділбек Сейілхан, Арыстан Каунев және Алишер Утев жазды. Авторлар «Брат или брак?» картинасының түсірілімін биылғы жылдың жаз мезігілінде бастауды жоспарлап отыр.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

15 мамыр 2017, 23:00

Надеюсь не будем скучать.

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер