È

Нұрсұлтан Назарбаев Ақан Сатаевпен кездесті

Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Қазақстан киносы

Отандық режиссер Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында Қазақстан киносын дамыту идеяларымен бөлісіп, «Томирис» тарихи жаңа жобасы жөнінде әңгімілеп берді.

«Біз сценарий «қаңқасын», құрылымын дайындап қойдық. Картинада Томиристің дүниеге келуінен бастап, Кир патшаның басын алғанға дейінгі аралықтағы оқиға көрсетіледі»,-деді Ақан Сатаев Елбасымыға.

Назарбаев өз кезегінде «Томирис» фильміне бағытталған тілегін айтып өтті:

«Фильмде міндетті түрде ақсақалдың сөзі, ақылы болуы тиіс. Мұндай тәсіл «Ер тұғрыл» түрік хикаясында қолданылған, басты кейіпкерге ақсақал келіп, қандай шешім қабылдау керектігі жөнінде ақыл-кеңес айтып отырған. Біздің де картинамызда бірлік, отансүйгіштік, батырлық секілді қасиеттердің арқасында кішігірім халықтың үлкен мемлекетке айнала алатынын айтатын ақсақал болуы тиіс».

Ақорда баспасөз қызметінің суреті

Сондай-ақ, Елбасы мен режиссер кездесу барысында Қазақстан кинематографының даму жолдары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Естеріңізге сала кетсек, Ақан Сатаевтың соңғы шыққан тарихи картиналарының бірі, алғашқылардың бірі болып мемлекет басшысының өзі бағалаған «Анаға апарар жол» фильмі еді.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

27 апреля 2017, 20:27

Мне кажется сюжет пойдет в другое русло. Я бы хотел увидеть, сущность самого фильма. Но ждем. И надеемся на успех.

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер