Нұртас Адамбай қырғыз телеарнасына шағым түсірмек
Режиссер Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабина» комедиясы «TV1KG» қырғыз телеарнасында көрсетілген болатын. Көрсетілім автордың рұқсатынсыз жүзеге асырылғаны белгілі болды. Лентаның эфирге шыққанын режиссерға Бішкек тұрғыны хабарлаған, ол тіпті экранның суретін де жіберген.
«Біз шағым түсірмепіз, өйткені бағдарламалар кесетсінде екінші бөлімі де көрсетілген. Телеарна авторлық құқық туралы заңды белінен басып отыр. Бізден ешкім рұқсат сұраған жоқ, кездейсоқ байқап қалдық. Олармен байланысқанымызда фильм эфирден алынып ьасталады деген болатын, ал екінші қоңырауымызға жауап бермеді», - дейді Нұртас.

Айта кетейік, «Келинка Сабина» және «Келинка Сабина 2» фильмдерін YouTube видео-хостингінде көруге болады. Қазақстандық телеарналардың ішінде бірінші болып картинаны «Жетінші арна» көрсетті. Сондай-ақ көпшіліктің сұрауымен режиссер «Келинку Сабина» фильмін ағылшын субтитрларымен Желіге жариялады.
Тақырып бойынша:
«Келинка Сабина» ағылшынша сөйледі
«Келинка Сабина 2» алғаш рет ТВ-да
«Келинка Сабина» Швециядағы кинобайқауда жеңіске жетті







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін