È

Нұртас Адамбай «Лифт» фильмінің түсіріліміне кіріспек

Нұртас Адамбай «Лифт» фильмінің түсіріліміне кіріспек

Отандық режиссер, актер әрі продюсер Нұртас Адамбай «Лифт» деп аталатын жаңа фильмнің түсіріліміне дайындалып жатыр Картинаның түсірілімі осы жылдың ақпанына жоспарланған.

«Лифт» фильмі триллер элементтері бар психологиялық драма. Нұртас Адамбайдың айтуынша, картинаның сценарийі ұзақ уақыт бойы жазылды, тіпті режиссер осы фильмді түсіру туралы ойынан айныған кездері де болғанын ол өзінің Инстаграм парақшасына жазды:

«Осы жобаны жаба салғым келген кездер де болған, бірақ оқиғаның сюжеті үнемі миымда тұратын, сондықтан «Лифт» фильмі жарыққа шығуы керек деп ұйғардым. Бұл жағдайда драманың коммерциялық жоба емес екені де аса маңызды емес».

Продюсердің айтуынша, бұл фильмге ол бірінші рет тек режиссер ретінде ғана қатысады.

Өткен 2016 жылы Nurtas production кинокомпаниясы ұазақстандықтарға екі толықметражды картина ұсынды: наурызда - «Келинка Сабина 2» және қазанда - «Тараз» драмасы. Соңғысы Genre Celebration Film Festival халықаралық фестивалінде «Үздік драмалық фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» номинацияларын иеленді.

 

Превью: Hommes Kazakhstan

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер