È

Нұртас Адамбай «Тараз» фильмінің бюджетін жария етті

Нұртас Адамбай «Тараз» фильмінің бюджетін жария етті

Өзінің эжаңа жобасын таныстырмас бұрын белгілі продюсер, режиссер әрі актер Нұртас Адамбай БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналситерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Баспасөз конференциясына басты рөлдерді орындаушылар: Гүлназ Жоланова, Асан Мажит, Еркебұлан Дайыров және фильм операторы Азамат Дулатов қатысты.

Өз сөзінде Нұртас Адамбай фильмнің өзінің балалық шағы өткен туған жері Тараз қаласына арналатынын айтты.

«Драманың бюджеті 400 мың доллар. Бұл «Келинки Сабины» фильмінің бюджетінен екі есе көп. Басында маған бұл факт күдік тудырды. Кейде тіпті жобаны тоқтата тұру туралы да ой келді, бірақ түсірілім тобының ерекше ынтаысна қарап, қорқынышымыз сейілді. Соған қарағанда фильм жарыққа шығу керек болған шыған. Бүгін міне, үлкен қунышпен біздің жұмысымыздың көпшілік назарына ұсынбақпыз», - деді Нұртас Адамбай.

Түсірілім тробы картинада бір айдан астам уақыт жұсыс істеді. Топ үшін ең күрделісі көліктің ішіндегі көрініс болды. Осы кадрлар тек төртінші дубльдан ғана жүзеге асты.

«Түсірлім алаңдағы жайлы атмосфераның арқасында өте жеңіл өтті. Жігіттер бір-бірімен достасып, бір-біріне барынша көмектесуге тырысты. Мен тіпті 13 дубль қатарынан таяқ жеуге мәжбүр болсам да, алаіңнан көтеріңкі көңілмен қайтатынмын», - дейді актер Асан Мажит, ол картинада өзінің аттасын ойнады.

Оператор Азамат Дулатовтың айтуынша арнайы техникаларды қолданбай-ақ, фильм «қолдам түсірілген. Ол түсірілім алаңына келе сала рөлге еніп кеткен актерлердің шеберлігіне таң қалғанын айтады. осы себептен де түсірілім өте жылдам, жеңіл жүрді.

Баспасөз конференциясында көпшілікті қызықтырған сұрақ: «Тараза» фильмінің жалғасы бола ма?». Адамбай бұл сұраққа алда басқа да жобалардың бар деп жауап берді, ол жаңа жобаларға жиылғы жылдың соңында кірісетінін айтты, ал картинаның жалғасын түсіру туралы жоспар әзірге кейінге қалдырылған.

Фото: Five.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Нұрлан Әлімжанов

Актер