È

Нұржан Керменбаев «04:29» мелодрамасына саундтрек жазды

Нұржан Керменбаев  «04:29» мелодрамасына саундтрек жазды

Қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев «04:29» фильміне саундтрек жазды. «Жылайды жүрек» композициясы жаңа мелодрамада қойылды. Мәтін авторы - Дулат Куйкас, композитор - Нұрдәулет Шайдаров.

Фильмнің кейіпкерлері Ажар мен Әділхан үшін өмірдің еш қызығы қалмады. Олардың кездесуі бірін бірі құтқарады деп ойлаған да емес. Олардың махаббаты өмірдің сынағын көтере ала ма, кейіпкерлердің қандай құпиялары бар, мұны көрермендер таяуда біле алады.

Рөлдерде: Карина Хурамшина, Ербол Семкулов, Тасболат Омаров және Майра Омарова.

Сценарий авторлары Жәмит Көшербаев және Азамат Абжанов. Продюсері Ардак Балмухаммед. «04:29» картинасының тұсаукесері 22 қыркүйекте.

«Жылайды жүрек» компазициясының ресми бейнеклипін Желіден көруге болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Нұрлан Әлімжанов

Актер