È

«Ессіз әйел» туралы кино түсіріледі

«Ессіз әйел» туралы кино түсіріледі

Вайнер, дизайнер әрі жас режиссер Нұрлан Батыров жанкүйерлеріне комедия дайындап жатыр. Жуық арада вайнер Желідегі әйгілі кейіпкер Ессіз әйелге арналған фильмнің түсіріліміне кіріспек. Бұл туралы Батыров Instagram парақшасы арқылы хабарлады:

«Әйтеуір осыған келдік қой, сценарий дайын, тобымыз да сақадай сай тұр. 2018 жылдың 24 мамырында ҚР барлық кинотеатрынан «Ессіз әйелдің күнделігі» толықметражды фильмі көрсетіледі. Картинада Нұрланның неліктен БЭЖЭ-ні қатты жақсы көретіні, «бар әлемнің» неге соған қызығатыны көрсетіледі».

Фильм сценарийін Нұрлан Батыров киносыншы Кәрім Қадырбаевпен бірге жазды.

Комедиялық таспаның продюсері Алмагүл Тілеуханова болмақ, ал өндірісімен Alma pictures компаниясы айналысады.

Еске сала кетсек, 1 ақпан күні экранға Нұрлан Батыровтың «ПроЯвление» дебютті картинасы шығады.

 

Превью: Weproject.kz

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

28 января 2018, 15:05

Класс!

Жасар Ниеталин

29 января 2018, 14:59

Батыров хочет стать Спилбергом!)))

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер