È

О, Ләйлә

О, Ләйлә

Талдықорғанда «О, Ләйлә» деп аталатын махаббат драмасының түсірілім жүріп жатыр. Лентаның режиссерлары - Ерлан Ұшақпаев және Данияр Мустафаев. Продюсері - Бейсен Куранбек.

«Біз жай ғана махаббат туралы фильм түсірмейміз. қазіргі қыздар өздерінің жігіттерін тексеру үшін түрлі сынақтар ойлап табатын болды. Міне, біздің басты кейіпкеріміз Ләйлә да өзін ұнататын жігітті сынамақ болады, бірақ ол соңында нағыз махаббатынан айырылып қалуы мүмкін екенін ойламайды да», - дейді Данияр Мустафаев.

Ләйләнәі рөлінде «Қазақстан» ұлттық арнасының тедежүргізушісі Айзада Жиентаева. Сондай-ақ басты рөлдерді Бақтияр Сатқұлов, Кендебай Темірбайұлы және Әлихан Ыдырысова ойнайды. .

Түсірілім маусым айының басында басталды, айдың соңына қарай аяқталады. Фильм авторларының айтуынша, көрермен фильмді алдағы қыста тамашалай алады.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әнуар Нұрпейісов

Актер

Төлеген Байтөкенов

Актер